"Бейiмбет Майлин ауданының Әйет ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы" Бейiмбет Майлин ауданының сайлау комиссиясының қаулысы

Қостанай облысы Бейiмбет Майлин ауданының сайлау комиссиясының

ҚАУЛЫСЫ

 

Бейiмбет Майлин ауданының

Әйет ауылдық округі

әкімінің сайлауын тағайындау туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-1-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Бейімбет Майлин ауданының сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Бейімбет Майлин ауданы Әйет ауылдық округі әкімінің сайлауы 2024 жылғы 21 сәуірге тағайындалсын.
  2. 2024 жылғы 21 сәуірге тағайындалған Бейімбет Майлин ауданының Әйет ауылдық округі әкімінің сайлауын дайындау және  өткізу жөніндегі  негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  3. Осы қаулы Бейімбет Майлин аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында және «Aiet shamshyragy» аудандық газетінде жариялансын.

Төрайымы                                             О. Кабанова

 Хатшысы                                                Ә. Бердалинова

Әйет ауылы, 2024 жылғы 13 наурыз, №  4/6

"Бейiмбет Майлин ауданының Әйет ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы" Бейiмбет Майлин ауданының сайлау комиссиясының қаулысы
Дата публикации
13 марта 2024