Төленбеген салықтар бойынша айыппұлдар Қазақстандағы жеке тұлғаларға есептен шығарылады

Пандемия кезінде азаматтарды қолдауға бағытталған Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 2 шілдедегі тиісті Заңына Мемлекет басшысы қол қойды.
Құжатта жеке тұлғаларға салынатын айыппұлдарды есептен шығаруға салықтық рақымшылық жасау ережесі қарастырылған, деп хабарлады ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі.
Атап айтқанда, азаматтарға салық төлеушінің жеке шотына енгізілген және оны төлеу күніне дейін есептелген жеке тұлғалардың мүліктеріне, жеріне және көлік құралдарына салынатын салықтар бойынша өсімақылар өндіріп алынады.
Есептен шығарудың негізгі шарты - негізгі салық қарызын төлеу. Айыппұлдар мерзімі өткен берешек төленген салық түрі бойынша есептен шығарылады.
Ерекшелік - бұл мүлік салығы мен жер салығы бойынша 2019 жылға арналған міндеттемелер, олар 2020 жылдың 1 қазанына дейін төленуі тиіс.
Салықтық амнистия 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейін созылады.
Осыған байланысты, мемлекеттік кірістер органдарының барлық аумақтық бөлімшелерінде айыппұлдарды есептен шығару жөніндегі комиссиялар құрылатын болады.
Айыппұлды есептен шығару үшін еш жерге барудың қажеті жоқ. Қарыздың негізгі сомасын төлеу жеткілікті. Айыппұлдар автоматты түрде есептен шығарылады.

Мемлекеттік кірістер басқармасы
Бейімбет Майлин ауданында

Төленбеген салықтар бойынша айыппұлдар Қазақстандағы жеке тұлғаларға есептен шығарылады
Дата публикации
05 октября 2020