жоба
«Аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының атаулары мен индекстерін бекіту туралы» әкімдіктің 2018 жылғы 11 шілдедегі № 203 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Қостанай облысы Таран ауданының атауын өзгерту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 24 маусымдағы № 29 Жарлығына, «Қостанай облысы Таран ауданының кейбір әкімшілік – аумақтық бірліктерін қайта атау туралы» Қостанай облысы әкімдігінің 2018 жылғы 12 желтоқсандағы бірлескен № 20 қаулысы және Қостанай облысы мәслихатының 2018 жылғы 12 желтоқсандағы № 349 шешіміне сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8174 тіркелген) Бейімбет Майлин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Көрсетілген қаулының кіріспесінде және барлық мәтін бойынша «Таран ауданы» сөз тіркесі «Бейімбет Майлин ауданы» ауыстырылсын;
Көрсетілген қаулының қосымшасындағы:
13.14.15 реттік нөмірдегі жолдар жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«
|
13 |
KP-TR-13 |
«Әйет – Майлин» |
»;
«
|
14 |
KP-TR-14 |
«Әйет - Қызылжар» |
»;
«
|
15 |
KP-TR-15 |
«Тобыл - Әйет» |
».
1) осы қаулыны аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркеу;
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыру.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысына жүктелсін. 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Аудан әкімі |
|
Қ. Испергенов |