|
Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 14 қыркуйек № 233 қаулысына 8 қосымша |
«Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1) халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, халыққа мемлекеттік қызметтерді сапалы ұсыну.
1) құқықтар:
- өз қызметін атқарушы биліктің басқа органдарымен өзара іс-қимылда жүзеге асыру;
- өз құзыреті шегінде мемлекеттік мекеменің сұрау салулары бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен жергілікті мемлекеттік басқару органдарынан, кәсіпкерлік субъектілерінен қажетті ақпараттық материалдарды алуға;
2) міндеттері:
- заңды тұлғалармен және азаматтармен шарттар жасасуға, мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарға ие болуға, сотта талапкер және жауапкер болуға;
- мемлекеттік мекеменің құзыреті мәселелері бойынша аудан әкімі мен әкімдігі қабылдайтын нормативтік-құқықтық актілердің жобалары бойынша ұсыныстар енгізу;
- қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.
14.Функциялар:
- халыққа атаулы әлеуметтік көмек көрсету саласындағы мемлекеттік әлеуметтік саясатты және кедейлікті төмендету жөніндегі шараларды іске асыру;
- жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету;
- жергілікті бюджеттен тұрғын үй көмегін, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті және басқа да әлеуметтік төлемдерді тағайындау және төлеу;
- облыстың жергілікті атқарушы органдарына халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары бойынша ұсыныстар енгізу;
- Ұлттық жобалар, өңірлік жұмыспен қамту картасы шеңберінде жұмыс орындарын құру мониторингін жүзеге асыру;
- кәсіпкерлік бастаманы дамыту арқылы ауданның жұмыс орындарын құруды қолдау;
- халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді қамтамасыз ету мақсатында еңбек ұтқырлығы орталықтарымен өзара іс-қимыл жасау;
- қарауындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерді құру және олардың қызметі;
- халықтың арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттіліктеріне талдау жүргізу;
- арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелері бойынша жеке, заңды тұлғалармен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау;
- мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік көмек көрсету және қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіру;
- жеке бағдарламаға сәйкес мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балаларды санаторий-курорттық емдеуді қамтамасыз ету;
- мүгедектігі бар адамдарды жеке бағдарламаға сәйкес техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен және (немесе) арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету;
- жеке бағдарламаға сәйкес жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін жеке көмекшіні, есту қабілеті нашар адамдар үшін жестау тілі маманын қызметтермен қамтамасыз ету;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік көмектің қосымша шараларын ұсыну;
- ережеге сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету;
- әлеуметтік қорғауға және оңалту іс-шараларын орындауға мұқтаж мүгедектігі бар адамдардың, мүгедектігі бар балалардың мәселелері бойынша ауылдық округ әкімдерімен өзара іс-қимыл жасау;
- әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін бейімдеу мониторингі;
- қарттарға, 1 және 2 топтағы мүгедектігі бар адамдарға, психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға, психоневрологиялық патологиясы бар мүгедектігі бар балаларға және тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар балаларға тұрғылықты жері бойынша үйде қызметтер көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету;
- мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау, мүмкіндігі шектеулі балаларды медициналық-педагогикалық және түзеу арқылы қолдау мәселелері бойынша денсаулық сақтау, білім беру органдарымен өзара іс-қимыл жасау;
- жалғызілікті қарт азаматтарды, мүгедектігі бар адамдарды жалпы үлгідегі қарттар мен мүгедектерге, психоневрологиялық интернаттарға және тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар балаларға арналған медициналық-әлеуметтік мекемелерге ресімдеуге жәрдемдесу;
- өз құзыреті шегінде төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету және ақталған адамға куәлік беру;
- «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ құзыретіне кіретін мәселелер бойынша халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
- әкімдікке және мәслихатқа халықты, мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша ұсыныстар енгізу;
- «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша азаматтарды қабылдау және кеңес беру;
- өтініш білдірген азаматтардың ұсыныстарын, өтініштерін, шағымдарын қарау және қажетті шараларды қабылдау;
- жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетуге қаржы қаражатының қажеттілігін болжау, тұрғын үй көмегі, мүгедек адамдар қатарындағы балаларға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және жергілікті бюджеттен төленетін басқа да әлеуметтік төлемдер;
- жоғары тұрған мемлекеттік органдарға есептілікті, ақпаратты, мониторингтерді ұсыну;
- әлеуметтік көмек көрсету мәселелері бойынша коммерциялық емес (үкіметтік емес) ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау.
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.
1) мемлекеттік органдар мен ұйымдарда «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ атынан өкілдік етеді;
2) бөлімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиісті емес шараларды қабылдағаны үшін дербес жауапты болады;
3) «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ жұмысын ұйымдастырады және басқарады және жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуына дербес жауапты болады;
4) бұйрықтар шығарады;
5) қызметтік құжаттамаға қол қояды;
6) заңнамада белгіленген тәртіппен «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ қызметкерлеріне тәртіптік жаза тағайындайды және босатады, көтермелеу шараларын қолданады;
7) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалар өкілдерін жеке қабылдауды жүзеге асырады;
8) «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының орындалуын бақылайды;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
«Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
«Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.