2023 жылғы 17 желтоқсанда өткен Бейімбет Майлин ауданының Новоильинов ауылдық округінің әкімін сайлау қорытындысы бойынша аудандық сайлау комиссиясының хабарламасы
2023 жылғы 17 желтоқсанда Бейімбет Майлин ауданының Новоильинов ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңы 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Бейімбет Майлин ауданының Новоильинов ауылдық округінің әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссиялары хаттамаларының негізінде Бейімбет Майлин ауданының сайлау комиссиясы сайлаудың келесі қорытындыларын белгіледі:
Сайлаушылар тізіміне 1602 азамат енгізілді, олардың 798 дауыс берді.
Жарамсыз бюллетеньдер саны - 14, "Барлығына қарсы" деген жолда белгі қойылған - 12.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Есмағомбетов Б.Ғ. - 41; Қалақпасов А.А. - 606; Өтегенов Д.М. - 125.
Новоильинов ауылдық округінің әкімі болып сайланған Қалақпасов Азамат Аманжолұлы, 1983 жылы туған, "Тобыл" МКК бас инженері, Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы Әйет ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылған.