«Асенкритов ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-де 2020 жылдың І жарты жылдығы ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды іске асыру барысы туралы аналитикалық анықтамасы

«Асенкритов ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-де

2020 жылдың І жарты жылдығы ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы

іс-қимыл жөніндегі шараларды іске асыру барысы туралы аналитикалық анықтамасы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру мақсатында, «Асенкритов ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-де Қазақстан Республикасы қолданыстағы заңнамасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы нормаларын сақтау бойынша жұмыс тұрақты түрде жүргізіледі, «Асенкритов ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-ің мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқының стандартына сәйкес жүзеге асырылады.

«Асенкритов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақты мінез-құлқын қалыптастыру үшін, сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікке жету үшін, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық көріністерді уақытында анықтау және олардың теріс салдарын болдырмау үшін мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша белсенді жұмыс жүргізіледі.

«Асенкритов ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-де мемлекеттік қызметшілердің қызметтегі мінез-құлқына талаптарын сақтау және мемлекеттік қызметтегі мүдделер қақтығысын реттеу жөніндегі комиссия құрылды және жұмыс істейді. 

2020 жылдың бірінші жарты жылдығы ішінде мемлекеттік қызметшілердің қызметтегі мінез-құлқына талаптарын сақтау және мемлекеттік қызметтегі мүдделер қақтығысын реттеу жөніндегі комиссиясының 2 отырыс өткізілді. 

Сондай-ақ, «Асенкритов ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-де құқықтық сараптама жүргізілді – 51 НҚА жобалары, осы нормативтік құқықтық актілерінде сыбайлас жемқорлық көріністеріне жағдай жасауға болысатын ережелер анықталған жоқ.

Мемлекеттік мекемесі кадр қызметінің сыбайлас жемқорлықтың және басқа құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жұмысты күшейту мәселесі жөнінде – мынадай жұмыс жүргізілді:

- Қазақстан Республикасының заң актілері туралы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл аясында қабылданған мемлекеттік НҚА туралы ақпарат мемлекеттік қызметшілерінің назарына уақытында жеткізілді.

- мемлекеттік қызметшілер берген өзінің, зайыбының (жұбайы) және кәмелетке толмаған балалардың кірістері, шығындары туралы, мүліктер және мүліктік сипаттағы міндеттемелер туралы мәліметтер уақытында жиналды;

- өзара жақын туыстығы немесе жекжаттығы бар мемлекеттік қызметшіні, егер қызмет өткеру бiр-бiрiне тiкелей бағынатын немесе бақылауға байланысты болса, мемлекеттік қызметке жiбермеуге шектер қойылады.

Аудан әкімдігінің кадр қызметі «Асенкритов ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-де мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлықтың және басқа бұзушылықтардың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыс тұрақты түрде жүргізеді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы нормаларын сақталуына бақылау мен орындалуын қамтамасыз ететін іс-шаралар кешенді қолданады.

Сондай-ақ, 2020 жылдың бірінші жарты жылдығы ішінде тұрақты түрде мынадай жұмыс жүргізілді:

- азаматтарға мемлекеттік қызметтер көрсету ережелер мүлтіксіз сақталады;

- азаматтарға, мемлекеттік қызметтерді өтеусіз негізде алуына олардың құқықтары туралы ақпарат тұрақты түрде беріледі;

- мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпарат өзектендірілді.

«Асенкритов ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-де 2020 жылдың І жарты жылдығы ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды іске асыру барысы туралы аналитикалық анықтамасы
Дата публикации
12 августа 2020