Мәслихаттың 2023 жылғы 6 сәуірдегі № 8 «Бейімбет Майлин ауданының елді мекендерінің жерлерін аймақтарға бөлу жобасын (схемасын), бағалау аймақтарының шекараларын және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Бейімбет Майлин ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
Мәслихаттың «Бейімбет Майлин ауданының елді мекендерінің жерлерін аймақтарға бөлу жобасын (схемасын), бағалау аймақтарының шекараларын және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы» 2023 жылғы 6 сәуірдегі № 8 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9961 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 2-қосымшасында:
реттік нөмірі 2-жол жаңа редакцияда жазылсын:
«
|
2 |
II |
Юбилейное (тұрғын аймақ), Байшуақ, Красносельское, Асенкритовка, Майское ауылдары |
1,7 |
».
Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |