Аналитикалық анықтама
сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша
«Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің дене шынықтыру
және спорт бөлімі» ММ
Әйет а. 10.08.2020 жыл
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңының 8-бабын, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын, сондай-ақ мемлекеттік органдардың қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау бойынша Әдістемелік ұсынымдарды орындау үшін, "Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша ішкі талдау жүргізілді».
Талданатын кезең: 2020 жылдың 6 айы.
Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіне ішкі талдау келесі критерийлер бойынша жүргізілді:
1) персоналды басқару;
2) мүдделер қақтығысын реттеу бойынша;
3) мемлекеттік қызмет көрсету бойынша;
4) рұқсат беру функцияларын іске асыру бойынша;
5) бақылау функцияларын іске асыру бойынша;
6) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау сапасы бойынша;
7) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу бойынша;
8) қызметтік этиканы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын сақтау бойынша.
"Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ штат саны 2 бірлікті құрайды, бос орындар - 0.
2020 жылдың бірінші жартыжылдығында өз еркімен жұмыстан шығарылды – 0.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы орындау үшін "Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ барлық мемлекеттік қызметшілері сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдады, мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасы қағидаларымен танысты, мемлекеттік қызметшілер мен олардың жұбайларының қаржылық бақылау шараларын жүзеге асыру мақсатында Мемлекеттік кірістер органдарына декларацияны уақтылы табыс етті.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығы, "Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ бір мемлекеттік қызмет көрсетеді: «2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік разрядты спортшы спорттық разрядтарын және біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешісі біліктілік санаттарын беру». 2020 жылдың 6 айында дене шынықтыру және спорт бөлімімен 74 Мемлекеттік қызмет көрсетілді. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдар түскен жоқ.
4, 5. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі бақылау-қадағалау, рұқсат беру функцияларын жүзеге асырмайды.
Ай сайын жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау нәтижелеріне мониторинг жүргізіледі.
2020 жылдың 6 айында дене шынықтыру және спорт бөліміне өтініштер түскен жоқ.
7.Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу
ҚР "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңына сәйкес дене шынықтыру және спорт бөлімімен жалпы сомасы 4 666 263,29 теңгеге 64 Мемлекеттік сатып алу өткізілді:
1) баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен 664 546 теңге сомасына бұзушылықсыз мемлекеттік сатып алу;
2) 4 001 717,29 теңге сомасына мемлекеттік сатып алу бойынша тікелей шарт жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу.
Дене шынықтыру және спорт бөлімінде мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптар, мемлекеттік қызметші мәртебесіне байланысты шектеулер, Әдеп кодексі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптары сақталады. Талдау жүргізу кезінде Әдеп кодексі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын сақтаумен байланысты тәуекелдердің туындау жағдайларын растау анықталған жоқ.