«Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша аналитикалық анықтама
Әйет ауылы 10 тамыз 2020 жыл
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңының 8-бабын, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау бойынша Әдістемелік ұсынымдарды орындау үшін,
Талдау жүргізу мерзімі: 2020 жылдың 6 айы.
Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіне ішкі талдау келесі критерийлер бойынша жүргізілді:
1) персоналды басқару бойынша;
2) мүдделер қақтығысын реттеу бойынша;
3) мемлекеттік қызмет көрсету бойынша;
4) рұқсат беру функцияларын іске асыру бойынша;
5) бақылау функцияларын іске асыру бойынша;
6) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау сапасы бойынша;
7) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу бойынша;
8) қызметтік этиканы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын сақтау бойынша;
«Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекеменің штат саны 8 бірлікті құрайды, Бос орындар – 1 (декрет). 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында өз еркімен жұмыстан шығарылды – 2. Барлығы 3 мемлекеттік қызметші қабылданды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы орындау үшін «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нің барлық мемлекеттік қызметшілері сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер қабылдады, мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасы ережелерімен танысты, мемлекеттік қызметшілер мен олардың жұбайларының қаржылық бақылау шараларын жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік кірістер органдарына декларацияны уақтылы табыс етті.
«Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ 16 мемлекеттік қызметтер көрсетіледі. (бөлім-14, орталық-2)
4, 5. Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ мемлекеттік кірістердің бақылау-қадағалау, рұқсат беру функцияларын жүзеге асырмайды.
Ай сайын жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау нәтижелеріне мониторинг жүргізіледі. 2020 жылдың 6 айында 9 өтініш қабылданып, оған жазбаша түсініктемелер берілді. Әуре-сарсаңға салу, сондай-ақ өтініштерді қарау кезінде мерзімдерді бұзу фактілері анықталған жоқ.
ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» қолданыстағы заңына сәйкес ММ «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен» жалпы сомасы 29 025,5 теңгеге 42 мемлекеттік сатып алу шарты өткізілді
1) Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу 948,5 теңге сомасына, бұзушылықсыз;
2)мемлекеттік сатып алу бойынша ашық конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу жоқ.
3) бұзушылықсыз 27 324,0 теңге сомасына Мемлекеттік сатып алу бойынша Тікелей шарт жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен.
4)Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тәсілімен 753,0 теңге сомасына бұзушылықсыз.
Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптар, мемлекеттік қызметші мәртебесіне байланысты шектеулер, Әдеп кодексі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптары сақталады. Талдау жүргізу кезінде Әдеп кодексі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын сақтаумен байланысты тәуекелдердің туындау жағдайларын растау анықталған жоқ.