Аналитикалық анықтама

Аналитикалық анықтама

"Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінде 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізілді.

Бөлімшенің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер (ММ туралы ереже):

Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі "мемлекеттік мекемесі туралы 2019 жылғы 11 шілдедегі № 163 ереже Бейімбет Майлин ауданы әкімдігімен бекітілген.

Бөлімшеге қатысты мемлекеттік органдар бұрын жүргізген тексерулердің нәтижелері (тексеруші органды көрсете отырып, 2020 жылдың 6 айында жүргізілген тексерістер, анықталған бұзушылықтар, жазалар туралы жиынтық ақпарат)

Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау жөніндегі бас инспекторы 2020 жылғы 13 наурызда 2019 жылғы 1 наурыздан 2020 жылғы 1 наурызға дейінгі кезеңде мемлекеттік қызметтер туралы заңнаманың сақталуы мәселесі бойынша тексеру жүргізді. "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну" мемлекеттік қызметі бойынша бұзушылықтар анықталған жоқ.

Бұқаралық ақпарат құралдарындағы жұмыс:

"ММ басшысының және оның орынбасарының жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесі әр тоқсанға "Айет Шамшырақ"газетінің мерзімді баспа басылымында жарияланады.

Бөлімшеге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері (саны, жалпы сипаттағы мәселелер)):

2020 жылдың 6 айында бөлімге 2 өтініш келіп түсті, оның ішінде: 2 – жеке тұлға. Барлық келіп түскен өтініштерге мерзімі бұзылмай жазбаша жауаптар берілді.

Прокурорлық ден қою актілері:

Аудан прокуратурасының ұсыныстары түскен жоқ.

Сот актілері (саны, қандай мәселелер бойынша)

2020 жылдың 6 айында сот актілері түскен жоқ.

Экономика және қаржы бөлімі сотқа шағым жіберген жоқ.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету:

Мемлекеттік мекеме мемлекеттік қызметтің 1 түрін көрсетеді. 2020 жылдың 6 айында мемлекеттік қызметтер көрсетілмеген.

Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы бойынша ішкі бақылау инспекторы мемлекеттік қызметтер бойынша қалыптастырылған істерді қарады. Істердегі құжаттар тізбесі стандарттың талаптарына сәйкес келеді және регламентке сәйкес көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері бойынша бұзушылықтар анықталған жоқ, шағымдар түскен жоқ.

Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру:

Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі аудан әкімдігіне қарасты тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы болып табылады.

Жыл басынан бері экономика және қаржы бөлімімен 26 конкурс жарияланды, оның ішінде 2 конкурсқа камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама ұсынылды. Барлық анықталған бұзушылықтар мерзімінде жойылды.

 

Талдаумен "Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.

Экономика және қаржы бөлімінің

басшысы                                                                                             В.Ересько           

Аналитикалық анықтама
Дата публикации
10 августа 2020