Бейімбет Майлин ауданы аумақтық сайлау комиссиясының Новоильинов ауылдық округі әкіміне кандидаттарды тіркеу туралы хабарламасы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 113-5-бабына сәйкес аудандық сайлау комиссиясы Новоильинов ауылдық округі әкіміне кандидаттарды тіркеді:
- Есмағомбетов Берік Ғабдулмәжитұлы, 1990 жылы туған, "Байшуақ ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ бас маманы, Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы Байшуақ ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылған.
- Қалақпасов Азамат Аманжолұлы, 1983 жылы туған, "Тобыл" МКК бас инженері, Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы Әйет ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылған.
- Өтегенов Дәуіт Маратұлы, 1973 жылы туған, "Әскерилендірілген теміржол күзеті" ЖШС Қостанай филиалының Тобыл станциясында орналасқан жедел әрекет ету мобильдік тобы бастығының орынбасары, Қостанай облысының Лисаков қаласында тұрады, өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылған.