Жоба
«Бейімбет Майлин ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» 2015 жылғы 20 наурыздағы №263 Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Бейімбет Майлин ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
«Бейімбет Майлин ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» 2015 жылғы 20 наурыздағы №263 Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5510 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін: көрсетілген шешімнің қосымшасында: 5 тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «5. Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу «Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шiлдедегi № 295/НҚ бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №33200 болып тіркелген).