Бейімбет Майлин ауданы әкімінің сайлау учаскелерінің шекаралары туралы хабарламасы
Новоильинов ауылдық округі әкімінің сайлауын 2023 жылғы 17 желтоқсанға тағайындалуына байланысты және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 23-бабының 5-тармағына сәйкес Бейімбет Майлин ауданы Новоильинов ауылдық округінің аумағында ұйымдастырылған сайлау учаскелерінің шекарасы туралы сайлаушыларға хабарлаймын:
Новоильинов ауылдық округі сайлау учаскелерінің шекарасы:
№ 727 сайлау учаскесі
Ақсуат және Притобольское ауылдарының шекарасында.
Учаскенің орналасқан жері: Притобольское а., Школьная көш., 22а, мектеп ғимараты.
№ 730 сайлау учаскесі
Увальное ауылының шекарасында.
Учаскенің орналасқан жері: Увальное а., Школьная көш., 14/2, медициналық пункт ғимараты.
№ 745 сайлау учаскесі
Богородское және Мирное ауылдарының шекарасында.
Учаскенің орналасқан жері: Богородское а., Степная көш., 3а, бұрынғы мектеп ғимараты.
№ 746 сайлау учаскесі
Валерьяновка ауылының шекарасында.
Учаскенің орналасқан жері: Валерьяновка а., Школьная көш., 36, мектеп ғимараты.
№ 747 сайлау учаскесі
Новоильиновка және Козыревка ауылдарының шекарасында.
Учаскенің орналасқан жері: Новоильиновка а., Школьная көш., 35/1, мектеп ғимараты.
Аудан әкімі Қ.Б. Мыржақыпов