2023 жылғы 17 желтоқсана тағайындалған Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданының Новоильинов ауылдық округінің әкімін сайлауды дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары

2023 жылғы 17 желтоқсана тағайындалған Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданының Новоильинов ауылдық округінің әкімін сайлауды дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары

1. Бейімбет Майлин ауданы Новоильинов ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау.

 

Аудандық сайлау комиссиясы

2023 жылғы 8 қараша

 (113-1-б. 2, 3 -т.)

2. Новоильинов сайлау округінің  шекараларын аумақтық сайлау комиссияларының орналасқан жерлерін көрсете отырып, тиісті  бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

 

Аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей - 2023 жылғы 18 қарашадан кешіктірмей

(22-б.)

3. Аумақтық сайлау комиссияcының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

 

Аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей - 2023 жылғы 18 қарашадан кешіктірмей

 (13-б. 4-т.)

4. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.   

 

Аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей - 2023 жылғы  23 қарашадан кешіктірмей

 (17-б. 2-т.)

5. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау           

 

Аудан әкімі

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күн мерзімде - 2023 жылғы 23 қарашадан кешіктірмей

 (23-б. 5-т.)

6. Новоильинов ауылдық округінінің әкімдігіне кандидаттар ұсыну

 

Белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар және өзін-өзі ұсыну тәртібімен азаматтар.

Егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе, сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен басталады және сайлау өткізілетін күнге жиырма бес күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады.

2023 жылғы 9 қарашада басталады және 2023 жылғы 21 қарашада жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады.

 (113-3-б. 5-т.)

7. Новоильинов ауылдық округінінің әкімдігіне кандидаттың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық Заң), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау.

 

Аудандық сайлау комиссиясы

 (4-б., 113-2-б. 3 -т 2)-т.)

8. Новоильинов ауылдық округінінің әкімдігіне кандидаттардың сенім білдірген адамдарын тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру

 

Аудандық сайлау комиссиясы

Әкімдікке кандидаттың Сайлау туралы Конституциялық заңда көзделген талаптарға сәйкестігі анықталған күннен бастап

 (14-б. 8-1) т., 31-б.)

9. Новоильинов ауылдық округінінің әкімдігіне кандидаттарға өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған, қолдап қол жинау үшін қол қою парақтарын беру.

 

Аудандық  сайлау комиссиясы

Кандидаттың Конституциялық заңда,  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада көзделген талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін үш күндік мерзімде

(113-4-б. 3-т.)

10. Новоильинов ауылдық округінінің әкімдігіне кандидаттарды қолдап  жиналған қолдардың дұрыстығын тексеру және тиісті хаттаманы  ресімдеу.

 

Аудандық сайлау комиссиясы  паспорт қызметінің қызметкерлерін тарта отырып

Аудандық сайлау комиссиясына  өзін-зі ұсыну тәртібімен ұсынған, азаматтардан қол қою парақтарын  тапсырғаннан кейін үш күндік мерзімде

(113-4-б. 8-т.)

11. Арнайы тексеріс өткізу үшін Ұлттық  қауіпсіздік органдарына Новоильинов ауылдық округінінің әкімдігіне кандидаттардың құжаттарын жолдау.

 

Аудандық сайлау комиссиясы

Тіркеуге барлық құжаттар түскен сәттен бастап

(113-5-б. 4-т.)

12. Жергілікті аткарушы органдардың шотына республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін және тиісті қаржы жылының 2023 жылғы 1 қаңтарда қолданыста болатын ең төменгі жалақының бір еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізу.

 

Әкімдікке кандидатттар, саяси партиялар

 (әрбір ұсынылған кандидат үшін)

Кандидат тіркелгенге дейін

 (113-5-б. 2-т.)

13. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына ұсыну мерзімі басталған айдың бірінші күніне активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды ұсыну (2023 жылғы 1 қарашаға).

 

Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы)

Кандидатты тіркегенге дейін

 (113-5-б. 3-т.)

14. Кандидат және оның жұбайы (зайыбы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру.

 

Мемлекеттік кірістер органдары

Кандидат тіркелген күннен бастап бес күн ішінде

 (113-5-б. 3-т.)

15. Новоильинов ауылдық округінің әкімдігіне  кандидаттарды тіркеу және оларға тиісті  куәліктер беру.

 

Аудандық  сайлау комиссиясы

Барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және сайлау күнінен жиырма күн бұрын жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады.

2023 жылғы  9 қарашада басталады және 2023 жылғы 26 қарашада жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады

(113-5-б. 14-т)

16. Новоильинов ауылдық округінің әкімдігіне  кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

 

Аудандық  сайлау комиссиясы

Кандидаттар тіркелгеннен кейін бесінші күннен кешіктірмей

 (113-5-б. 9-т.)

17. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және оларды жарақтандыру.

 

Жергiлiктi атқарушы органдар және аудандық  сайлау комиссиясы

Үгіт басталғанға дейін

(28-б. 6-т.)

18. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу.

 

Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады.

2023 жылғы  26 қарашада жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де басталады және 2023 жылғы 16 желтоқсанда сағат 00.00-де аяқталады.

(27-б. 2-т.)

19. Новоильинов ауылдық округінің әкімдігіне  кандидаттарға сайлаушылармен кездесулері үшін үй-жайлар беру, кандидаттар мен олардың сенім білдірген адамдарының бөлінген үй-жайларда сайлаушылармен кездесу кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

 

Жергiлiктi атқарушы органдар және аудандық сайлау комиссиясы 

Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде

 (28-б. 4-т.)

20. Әрбір сайлау учаскесі бойынша  аудан әкімі қол қойған сайлаушылардың тізімдерін сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну.                                                   

 

Аудан әкімі

Дауыс беру басталғанға дейін жиырма күн бұрын 2023 жылғы 26 қарашаға дейін

 (24-б. 5-т.)

21. Сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну.

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс беру күніне он бес күн қалғанда 2023 жылғы 2 желтоқсаннан бастап

(26-б. 1-т.)

22. Сайлаушыларды дауыс беру күні, уақыты  және орны туралы хабардар ету.                                                                            

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Дауыс беретін күнге дейін кемінде он күннен кешіктірмей 2023 жылғы 7 желтоқсанға дейін

(18-б. 5) т., 38-б. 2-т.)

 

23. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу.                          

 

Аудандық  сайлау комиссиясы

Сайлауға кемінде үш күн қалғанда және оған кемінде бір күннен кешіктірмей

2023 жылғы  14 желтоқсаннан ерте емес және 15 желтоқсаннан кешіктірмей

 (37-б. 3-т.)

24. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау.           

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Дауыс беру басталғанға дейін бір сағат қалғанда

2023 жылғы 17 желтоқсан жергілікті уақыт бойынша сағат 06.00-де

(40-б. 1-т.)

25. Дауыс беруді өткізу.                                              

 

  Учаскелік сайлау комиссиялары

  Сайлау күні,  жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін

(38-б. 1-т.)

26. Дауыстарды санау және сайлау учаскесінде Новоильинов ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау.              

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де басталады

(18-б. 8) т., 43-б.)

27. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпыжұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу.                                

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін - дереу 

(43-б. 8-т.)

28. Сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды тиісті аудандық сайлау комиссияларына ұсыну.                                               

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін  - дереу

 (113-8-б. 1-т.)

29. Новоильинов  ауылдық округі әкімі сайлауының қорытындыларын белгілеу.

 

Аудандық сайлау комиссиясы

Сайлаудан кейін үш күн мерзімнен кешіктірмей

2023 жылғы 20 желтоқсаннан кешіктірмей

 (113-10-б. 1 т.)

30. Новоильинов ауылдық округі әкімінің сайлау қорытындылары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

 

Аудандық  сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күннен кешіктірмей

2023 жылғы 23 желтоқсаннан кешіктірмей

 (44-б.)

31. Сайланған Новоильинов ауылдық округінің әкімін тіркеу, тиісті куәліктер беру.

 

Аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күн мерзімде

Сайланған әкімдерден жеті күн мерзім ішінде Конституцияға және Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес әкім мәртебесімен сыйыспайтын міндеттерді доғаратыны туралы жазбаша өтініш алғаннан кейін

2022 жылғы 23 желтоқсаннан кешіктірмей

 (45-б., 46-б. 3-т, 113-11-б. 1-т)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер берілді.

2023 жылғы 17 желтоқсана тағайындалған Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданының Новоильинов ауылдық округінің әкімін сайлауды дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары
Дата публикации
08 ноября 2023