"Бейiмбет Майлин ауданының Новоильинов ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы" Бейiмбет Майлин ауданының сайлау комиссиясының қаулысы

Қостанай облысы Бейiмбет Майлин ауданының сайлау комиссиясының

ҚАУЛЫСЫ

  

Бейiмбет Майлин ауданының

Новоильинов ауылдық округі

әкімінің сайлауын тағайындау туралы

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-1-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Бейімбет Майлин ауданының сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Бейімбет Майлин ауданы Новоильинов ауылдық округінің әкімі сайлауы 2023 жылғы 17 желтоқсанға тағайындалсын.
  2. 2023 жылғы 17 желтоқсанға тағайындалған Бейімбет Майлин ауданының Новоильинов ауылдық округінің әкімі сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі  негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  3. Осы қаулы Бейімбет Майлин аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында және "Aiet shamshyragy"аудандық газетінде жариялансын.

Комиссия      төрайымы                             О.Г. Ли

Комиссия хатшысы                                    А.Б. Бердалинова

Әйет ауылы,

2023 жылғы 8 қараша,

№ 12/28

 

"Бейiмбет Майлин ауданының Новоильинов ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы" Бейiмбет Майлин ауданының сайлау комиссиясының қаулысы
Дата публикации
08 ноября 2023