2020 жылғы 2 тоқсандағы Бейімбет Майлин ауданы әкімінің есеп беру кездесуінің барысында айтылған, тұрғындардың ұсыныстары мен ескертулерін іске асыру бойынша ІС-ШАРА ЖОСПАРЫ

2020 жылғы 2 тоқсандағы Бейімбет Майлин ауданы әкімінің есеп беру кездесуінің барысында айтылған, тұрғындардың ұсыныстары мен ескертулерін іске асыру бойынша ІС-ШАРА ЖОСПАРЫ

№

Айтылған ұсыныстар/ескертулер

Орындау мерзімі

 

2020 ж. 2 тоқсан ішінде орындау

Бейімбет Майлин ауданы

1.                

«Лаврик» ШҚ Оренбург а. жер учаскесін бөлу мүмкіндігін қарастыру

 

 

2020 жыл

мамыр

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 48 бабы 3 тармағына сәйкес Бейімбет Майлин ауданының Оренбург ауылындағы жер учаскесіне қатысты уақытша жер пайдалану құқығын сату бойынша аукцион жүргізілді. Аукцион 2020 жылғы 2 маусымда электрондық түрде жүргізілді. Берілген лоттың жеңімпазы «Такиш» ШҚ басшысы Т.В. Лаврик болды.

Жер учаскесі коммерциялық мақсат үшін нысаналы мақсатпен 6 жылға берілді.

2.                

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша ауданға келген жас мамандарды әлеуметтік қолдау шараларымен қамтамасыз ету

 

 

 

2020 жыл

желтоқсан

Бейімбет Майлин ауданы әкімдігімен «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында әлеуметтік қолдау шараларымен қамтамасыз ету бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде, ағымдағы жылы осы іс-шараға 302 млн. 214 мың теңге бөлінді, 72 жас маманға тұрғын үй алу немесе құрылысы және көтерме жәрдемақы алу үшін несие беру жоспарлануда, бірінші кезекте әлеуметтік қолдау шараларымен алдыңғы жылдары алмаған қызметкерлер қамтылады. 2020 жылғы шілдеде өткен жылдан бері  кезекте тұрған 7 маманға бюджеттік кредит берілді, осылайша кезек жабылды. Сондай-ақ 10 маманға көтерме жәрдемақы аударылды. Осы бағытта жұмыс жалғастырылуда.

3.                

Красносельск а., Әйет ауылдық округінде орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету құрылысы бойынша ЖСҚ жеткізушіні анықтау бойынша конкурстық рәсімін жүргізу мәселесін өңдеу

 

 

2020 жыл

мамыр

2020 жылы аудандық бюджеттен «Бейімбет Майлин ауданы Красносельск ауылының су құбыры мен таратушы торабының құрылысы» жобасының ЖСҚ өңдеу және сараптамасына 14 млн. теңге бөлінді. ЖСҚ өңдеуге 25.02.2020 ж. 10404,464 мың теңге сомасына (ҚҚС) конкурс жарияланды. 12 ықтимал жеткізуші өтінім жіберді. Конкурстың қорытындысы бойынша «СанжарПроектСервис» ЖШС жеңімпаз атанды, онымен 9905,05 мың теңге сомасына 16.04.2020 ж. №22  келісімшарты жасалды. Қазіргі уақытта жобаның ЖСҚ өңдеу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

4.                

Әйет ауылынан қоқысты шығаруға ҚТҚ полигонымен келісімшарт жасасу

2020 жыл

сәуір

Қазіргі уақытта ағымдағы жылдың сәуірінен шілдеге дейін «Рамазан-2004» ЖК қоқысты шығару бойынша бірыңғай операторымен Әйет ауылының тұрғындарымен 300 келісімшарт жасалды. Оның ішінде 257 абоненті бар 31 көппәтерлі үй, 43 абоненті бар жеке меншік секторындағы 3 көше (Строительный, Совхозный, Восточный). «Рамазан-2004» ЖК Аят қонақжайында бөлме жалдап отыр. 

2019 жылы «Казахский центр нормирования отходов» ЖШС ҚТҚ жинау және шығару бойынша, сонымен бірге  Б.Майлин ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу мөлшері мен жиналуы есебінің тарифтік есебі жұмысы жүргізілді. Қазіргі таңда әділет органдарында ҚТҚ мөлшері мен тарифтерін бекіту бойынша нормативтік-құқықтық актісімен (НҚА) келісу бойынша жұмысы жүргізіліп жатыр. Осы бағытта жұмыс жалғастырылуда.

5.                

Әйет ауылында жеткіліксіз жол белгілерін жөндеу және орнату бойынша мәселені қарастыру және ұсыныстар енгізу

 

2020 жыл

сәуір

Қазіргі таңда аудан әкімдігінің ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімімен Әйет ауылдық округіне тіреуіштер және бағаналармен 87 жол белгілері алынды және берілді, аудан орталығында белгілерді орнату кестеге сәйкес жүргізіледі.

2020 жылғы 2 тоқсандағы Бейімбет Майлин ауданы әкімінің есеп беру кездесуінің барысында айтылған, тұрғындардың ұсыныстары мен ескертулерін іске асыру бойынша ІС-ШАРА ЖОСПАРЫ
Дата публикации
09 июля 2020