«Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының нормаларына сәйкес Бейімбет Майлин ауданының Қоғамдық кеңесін құру бойынша жұмыс тобының отырысы өтті.
Заңнаманың талаптарына сәйкес отырыста Бейімбет Майлин ауданының Қоғамдық кеңесінің мүшелігіне конкурсқа қатысу үшін түскен құжаттарды талқылау өткізілді.
Бейімбет Майлин ауданының Қоғамдық кеңесінің құрамы әрбір кандидатура бойынша ашық дауыс беру арқылы құрылды және Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының депутаттарына қарауға енгізілді. Мәслихаттың кезектен тыс сессиясында ұсынылған Қоғамдық кеңестің құрамы бірауыздан бекітілді.
Қоғамдық кеңесінің сандық құрамы-10 адам: мемлекеттік органнан 2 өкіл және азаматтық қоғамнан 8 өкіл.
Бейімбет Майлин ауданының Қоғамдық кеңесінің құрамы (Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының 2020 жылғы 14 шілдесіндегі № 396 шешімімен бекітілді)