Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің 2022 жылғы
«_19_» __сәуірдегі___
№ _128___ қаулысымен бекітілген
«Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1 тарау. Жалпы ережелер
1) Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
3. Ішкі саясат бөлімі өз қызметтерін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Ішкі саясат бөлімі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары бар, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
Егер ішкі саясат бөлімі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда Қазақстан Республикасының заңнамасымен өзгеше белгіленбесе, алынған кірістер мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2 тарау. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері
13.Міндеттері:
1) Ішкі саясат бөлімі құзыретіне жататын Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілері мен тапсырмаларына сәйкес ауданда мемлекеттің ішкі саясатын жергілікті мемлекеттік басқару органдарының орындауын қамтамасыз ету, іске асыру;
2) Ішкі саясат бөлімі жатқызылған құзыреті шегінде мемлекеттік ішкі саясатты түсіндіру жөніндегі бағдарламаларды іске асыру бойынша жұмысты үйлестіру;
3) мемлекеттің даму Стратегиясын халықтың хабардарлығын және қолдау деңгейін арттыруға бағытталған өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру;
4) өңірде болып жатқан қоғамдық-саяси үдерістерді және олардың даму үрдістерін жан-жақты және объективті зерделеу, жинақтау және талдау;
5) Бейімбет Майлин ауданының аумағында дінге, ауданның жастар, үкіметтік емес бірлестіктеріне қатысты мемлекет саясатын дәйекті жүзеге асыру, саяси партиялармен байланысты жүзеге асыру.
1) құқықтары:
- өз қызметін атқарушы биліктің басқа органдарымен өзара іс-қимылда жүзеге асыру;
- мемлекеттік органдардан және лауазымды тұлғалардан, өзге де ұйымдар мен азаматтардан өз функцияларын орындауға қажетті ақпаратты сұратуға, ішкі саясат бөлімі құзыретіне жататын мәселелерді дайындауға мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың қызметкерлерін тартуға, тиісті ұсыныстарды әзірлеу үшін уақытша жұмыс топтарын құруға;
- қарамағында ішкі саясат саласындағы мәселелер және ішкі саясат бөлімі құзыретіне кіретін өзге де мәселелер бар мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларына ұйымдастырушылық-әдістемелік, ақпараттық және өзге де көмек көрсету;
- заңды тұлғалармен және азаматтармен шарттар жасасу, мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарды сатып алу, сотта талапкер және жауапкер болу.
2) міндеттері:
- мемлекеттік мекеме құзыретінің мәселелері бойынша аудан әкімі және әкімдігі қабылдайтын нормативтік-құқықтық актілердің жобалары бойынша ұсыныстар енгізу;
- қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.
15.Функциялары:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің бағдарламаларын, облыс және аудан әкімдіктерінің қаулыларын, облыс және аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерін түсіндіру;
2) Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі мемлекеттік мекемесіне жатқызылған құзыреттер шегінде ішкі саясат мәселелері бойынша консультативтік-кеңесші органдардың қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз ету.
3) Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларын түсіндіру бойынша мемлекеттік және басқа да мүдделі органдарға әдіснамалық көмек көрсету, аудандық ақпараттық топтың қызметін ұйымдастыру;
4) «Атамекен» кіші бағдарламасының «Көркейе бер, Қостанай!», «Рақмет саған, Туған ел» кіші жобаларын іске асыру және «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Ақпарат толқыны» кіші бағдарламасының шеңберінде барлық базалық бағыттарды ақпараттық сүйемелдеу;
5) Бейімбет Майлин ауданы аумағындағы қоғамдық-саяси жағдайдың мониторингін жүзеге асыру;
6) мемлекеттік органдардың мемлекеттік рәміздерді көпшілікке танымал ету жөніндегі жұмысын және Қазақстан Республикасының осы саладағы заңнамасының сақталуына мониторинг жүргізуді ұйымдастыру;
7) Бейімбет Майлин ауданының аумағында Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру және іске асыру бойынша Мемлекеттік органдардың жұмысын үйлестіру;
8) өңірлік бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру;
9) Бейімбет Майлин ауданының аумағында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу бойынша мемлекеттік ақпараттық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және жүзеге асырылуын бақылау;
10) Ішкі саясат бөлімі жатқызылған құзыреті шегінде гендерлік саясатты іске асыру;
11) ауданның жастар саясатын жүзеге асыру бойынша жұмыстарды жүзеге асыру;
12) мемлекеттік жастар саясаты саласында ұйымдарға қажетті ақпараттық, түсіндіру, әдістемелік және консультациялық көмек көрсету;
13) Бейімбет Майлин ауданы аумағында дінге қатысты мемлекет саясатын дәйекті жүзеге асыру, діни бірлестіктердің қатынастарын реттеу саласындағы заңнаманы іске асыруды қамтамасыз ету;
14) Бейімбет Майлин ауданы аумағында қызметін жүзеге асыратын қоғамдық-саяси, үкіметтік емес, діни, жастар ұйымдары туралы мәліметтерді жинау және қорыту жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
15) көрнекі үгіт құралдары мазмұнының Республиканың қолданыстағы заңнамасы мен саяси бағытына сәйкестігін бақылауды жүзеге асыру;
16) Бейімбет Майлин ауданы аумағында қызметін жүзеге асыратын қоғамдық кеңестің, отбасындағы толеранттылық мәселелері жөніндегі Аналар Кеңесінің, Қазақстан халқы Ассамблеясының Қоғамдық келісім кеңесінің мәліметтерін қорыту жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
17) бөлім құзыретіне жататын әлеуметтік мәселелер бойынша әкімдік мәжілістері мен аудан әкімі және оның орынбасарлары жанындағы кеңестердің қарауына материалдар, талдау жазбалары, ауданда болып жатқан әлеуметтік-саяси процестердің даму қарқыны мен үрдістері туралы ақпарат дайындау;
18) ішкі саяси тұрақтылықты нығайтуға және өңірдегі саяси үдерістерді демократияландыруға бағытталған аудандық ғылыми-практикалық іс-шараларды дайындауға және өткізуге қатысу;
19) құқықтық қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру жөніндегі іс-шараларды әзірлейді және іске асырады:
19-1) заңнамада белгіленген жағдайларда және тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасау;
20) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
3 тарау. Мемлекеттік органның, алқалы органдардың бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері (бар болса)
2) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдамағаны үшін дербес жауапты;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шектерде ішкі саясат бөлімі мүлкіне билік етеді;
4) шарттар жасайды;
5) сенімхаттар береді;
6) банк мекемелерінде шоттар ашады;
7) ішкі саясат бөлімі қызметкерлерінің барлығы орындауға міндетті өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
8) ішкі саясат бөлімі мүддесін барлық ұйымдарда қорғайды;
9) қолданыстағы заңнамаға сәйкес ішкі саясат бөлімі қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, сонымен қатар мадақтау шараларын және тәртіптік жаза қолданады;
10) ішкі саясат бөлімі қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттік шеңберін белгілейді;
11) ішкі саясат бөлімі іссапарлар, тағылымдамалар, қызметкерлерді қазақстандық оқу орталықтарында оқыту және қызметкерлердің біліктілігін арттырудың өзге де түрлері бойынша тәртібі мен жоспарларын бекітеді;
12) Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Ережемен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады;
Ішкі саясат бөлімі бірінші басшысы болмаған кезеңде
оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
4 тарау. Мемлекеттік органның мүлкi
Ішкі саясат бөлімі мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
5 тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
Ішкі саясат бөлімі қарамағындағы ұйымдардың және оның ведомстволарының тізбесі:
- Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Орналасқан мекенжайы: 111700, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Бейімбет Майлин ауданы, Әйет ауылы, Тәуелсіздік көшесі 60.__________________________________________________