"Бейімбет Майлин ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы"аудан әкімдігі қаулысының жобасы

ЖОБА

Бейімбет Майлин ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушысының 2015 жылғы  27 наурыздағы № 264 бұйрығымен бекітілген Ішкі сауда қағидаларының                   50-1-тармағына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) сәйкес, Бейімбет Майлин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ  ЕТЕДІ:

  1. Бейімбет Майлин ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2. «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі:

1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулы ресми жарияланғанынан кейін Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

"Бейімбет Майлин ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы"аудан әкімдігі қаулысының жобасы
Дата публикации
17 июля 2020