Бейімбет Майлин ауданының 2023-2025 жылдарға арналған нақтыланған Азаматтық бюджетіне түсіндірме жазба
Бейімбет Майлин аудандық мәслихатының 2022 жылғы 28 желтоқсандағы № 154 «Бейімбет Майлин ауданының 2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» шешімі аудандық мәслихат сессиясында бекітілді. Аудандық бюджетті нақтылау 2023 жылғы мамырмға жоспарланып отыр.
Аудан бюджетіне түсімдер 7 813 075,6 мың теңгені құрады, оның ішінде:
Салықтық түсімдер – 3 499 535,0 мың теңге;
Салықтық емес түсiмдер – 20 618,0 мың теңге;
Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 37 663,0 мың теңге;
Трансферттердің түсімдері – 4 074 393,6 мың теңге;
Бюджеттiк кредиттердi өтеу – 67 016,0 мың теңге;
Қарыздардың түсімдері – 113 850,0 мың теңге.
Бюджетті сапалы атқару мақсатында 801-101 «Бюджет қаражатының бос қалдықтары» коды бойынша жоспардың 100 622,0 мың теңге сомасында ұлғаюы күтілуде.
Шығыстардың функционалдық топтары бойынша келесі өзгерістер жоспарланып отыр:
- Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер. Шығыстарды 88 133,0 мың теңге сомасында ұлғайту жоспарлануда, оның ішінде:
шақыру учаскесіне ағымдағы жөндеу жүргізуге - 11 747,0 мың теңге;
рюкзакты өрт сөндіргіштерді сатып алу үшін-766,0 мың теңге;
МКК үшін негізгі құралдар-сорғыларды сатып алу үшін-5 820,0 мың теңге;
Айет және Новоильиновка ауылдарының жолдарына орташа жөндеу жүргізуге-69 800,0 мың теңге.
- Әлеуметтік қорғау. Шығыстарды 6 500,0 мың теңге сомасында ұлғайту жоспарлануда, оның ішінде:
Тұрғын үй сатып алу үшін-6 500,0 мың теңге;
- Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік. Шығыстарды 13 500 мың теңге сомасында ұлғайту жоспарлануда, оның ішінде:
ДК үшін музыкалық жабдықтарды сатып алу үшін – 13 500,0 мың теңге;
- Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі. Объектілерді салу үшін жер учаскелерін ресімдеуге 4 492,0 мың теңге сомасында шығыстарды ұлғайту жоспарлануда.