2023 жылғы 30 сәуірде өткен Бейімбет Майлин ауданының Калинин, Майский, Набережный ауылдық округтерінің әкімдерін  сайлауының қорытындысы бойынша аудандық сайлау комиссиясының хабарламасы

2023 жылғы 30 сәуірде өткен Бейімбет Майлин ауданының Калинин, Майский, Набережный ауылдық округтерінің әкімдерін  сайлауының қорытындысы бойынша аудандық сайлау комиссиясының хабарламасы

2023 жылғы 30 сәуірде Бейімбет Майлин ауданының Калинин, Майский, Набережный ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы өтті.

Бейімбет Майлин ауданының сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, учаскелік сайлау комиссияларының Бейімбет Майлин ауданының Калинин, Майский, Набережный ауылдық округтерің әкімдерінің сайлау нәтижелері туралы хаттамалары негізінде сайлау келесі қорытындыларын белгіледі:

Калинин сайлау округі бойынша

Сайлаушылар тізіміне 1783 азамат енгізілді, олардың 1249-і дауыс берді.

Жарамсыз бюллетеньдер саны - 18, "барлығына қарсы" деген жолда белгі қойылған - 9.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

А.Н. Испулова - 1039; М.Б. Қазкеева -  92; А.А. Қожахметова - 91.

   Калинин ауылдық округінің әкімі болып сайланған Испулова Алина Несипбайқызы, 1980 жылы туған, Калинин ауылдық округінің әкімі, Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданының Береговое ауылында тұрады, "AMANAT" партиясы" қоғамдық бірлестігінің Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданының филиалы ұсынылды.

Майский сайлау округі бойынша

Сайлаушылар тізіміне 1501 азамат енгізілді, олардың 627-і дауыс берді.

Жарамсыз бюллетеньдер саны - 14, "барлығына қарсы" деген жолда белгі қойылған - 7.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

С.В. Ендоренко - 343; В.А. Кистанов -  249; А.И. Конник - 7; О.В. Снегур - 7.

Майский ауылдық округінің әкімі болып сайланған Сергей Викторович Ендоренко, 1978 жылы туған, Майский ауылдық округінің әкімі, Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы Майское ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылған.

  

Набережный сайлау округі бойынша

Сайлаушылар тізіміне 829 азамат енгізілді, олардың 604-і дауыс берді.

Жарамсыз бюллетеньдер саны - 10, "барлығына қарсы" деген жолда белгі қойылған - 49.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

С.С. Жақыпов - 98; С.Т. Қабенов -  54; Т.Т. Туйтебаев - 393.

Набережный ауылдық округінің әкімі болып сайланған Түйтебаев Талғат Төлепбергенұлы, 1971 жылы туған, Набережный ауылдық округінің әкімі, Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданының Елизаветинка ауылында тұрады, "AMANAT" партиясы" қоғамдық бірлестігінің Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданының филиалы ұсынылды.

Бейімбет Майлин ауданының сайлау комиссиясы

2023 жылғы 30 сәуірде өткен Бейімбет Майлин ауданының Калинин, Майский, Набережный ауылдық округтерінің әкімдерін  сайлауының қорытындысы бойынша аудандық сайлау комиссиясының хабарламасы
Дата публикации
01 мая 2023