"2020 жылғы 27 ақпандағы № 39 әкімдігінің «Бейімбет Майлин ауданы жергілікті атқарушы органдарының «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» қаулысының күшін жою туралы" аудан әкімдігі қаулысының жобасы

жоба

2020 жылғы 27 ақпандағы № 39 әкімдігінің «Бейімбет Майлин ауданы жергілікті атқарушы органдарының «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» қаулысының күшін жою туралы

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының  27-бабына, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабы 5-тармағына, «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2018 жылғы 16 қаңтардағы № 13 бұйрығына сәйкес Бейімбет Майлин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Бейімбет Майлина ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 27 ақпандағы № 39 «Бейімбет Майлин ауданы жергілікті атқарушы органдарының «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» (2020 жылғы 2 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 8990 болып тiркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
  2. «Бейімбет Майлин ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министірлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

  1. Қаулының орындалуын бақылау Бейімбет Майлин ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
  2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудан әкімі                                                       Қ. Мыржақыпов

"2020 жылғы 27 ақпандағы № 39 әкімдігінің «Бейімбет Майлин ауданы жергілікті атқарушы органдарының «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» қаулысының күшін жою туралы" аудан әкімдігі қаулысының жобасы
Дата публикации
12 апреля 2023