"Бейімбет Майлин ауданы жергілікті атқарушы органдарының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" аудан әкімдігі қаулысының жобасы

жоба

 

Бейімбет Майлин ауданы жергілікті атқарушы органдарының

«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін

бағалау әдістемесін бекіту туралы

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабы 5-тармағына, «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2018 жылғы 16 қаңтардағы № 13 бұйрығына сәйкес Бейімбет Майлин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қоса беріліп отырған Бейімбет Майлин ауданы жергілікті атқарушы органдарының «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесі бекітілсін.
  2. Қаулының орындалуын бақылау Бейімбет Майлин ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
  3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудан әкімі                                                       Қ. Мыржақыпов

"Бейімбет Майлин ауданы жергілікті атқарушы органдарының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" аудан әкімдігі қаулысының жобасы
Дата публикации
12 апреля 2023