Бейімбет Майлин ауданы Қоғамдық кеңесінің мүшелерін сайлау бойынша конкурс туралы хабарландыру

«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы  2 қарашадағы  Заңы 3-бабының 3- тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1194 қаулысымен бекітілген Қоғамдық кеңестер туралы Үлгілік ережесінің 22-тармағына сәйкес «Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының аппараты» ММ  2020 жылдың 25 маусымынан бастап 9 шілдесіне дейін  Бейімбет Майлин ауданының қоғамдық кеңесінің құрамына үміткерлер бойынша құжаттар қабылданатының хабарлайды.

«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес:

«1. Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған, сондай-ақ Қоғамдық кеңес жергілікті деңгейде қалыптастырылған жағдайда – тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде тұратын азаматы Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат бола алады.

Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат:

1) сотталғандығы болмауы;

2) сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуға;

3) психикалық ауруға, алкоголизмге, нашақорлыққа немесе уытқұмарлыққа байланысты денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрмауға тиіс.

  1. Конкурсқа қатысу үшін:

1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;

2) кандидаттың өмірбаян деректерін көрсете отырып, кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер ұсынылады.

  1. Осы баптың 1-тармағында белгіленген талаптарға сай келмейтін кандидаттар қоғамдық кеңестерге сайлану үшін конкурсқа жіберілмейді».

Қоғамдық кеңестер туралы Үлгілік ережесінің 18,26-тармақтары негізінде және Таран ауданының 2019 жылғы 30 қаңтардағы Қоғамдық кеңесің қалыптастыру  бойынша Жұмыс тобы отырысының хаттамасына сәйкес 9 адамнан тұратын (мемлекеттік орган өкілдерінің арасынан-2, коммерциялық емес ұйымдар,азаматтар-7) Таран ауданының Қоғамдық кеңесінің сандық құрамы анықталды. 

Аталған құжаттар жазбаша түрде мына мекенжай бойынша 2020 жылдың 25 маусымынан бастап 9 шілдесіне дейін: «Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының аппараты» ММ Әйет а., Тәуелсіздік көшесі 60, № 3 каб., күн сайын сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін (сенбі және жексенбі күндерінен басқа), анықтама үшін телефон: 3-72-29, 4-90-31 қабылданады. Электрондық пошта  мекенжайы: tar-maslihat@mail.ru

Ескертпе: егер үміткермен Заңның 10-бабы бойынша  мәліметтер ұсынылмаған жағдайда (сотталғандығы болмауы, денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрмауы), үміткер осы мәліметтерді сұратуға жазбаша келісім (келісімді ұсыныста немесе өтініште көрсетуіңізді сұраймыз) береді.

Бейімбет Майлин ауданы Қоғамдық кеңесінің мүшелерін сайлау бойынша конкурс туралы хабарландыру
Дата публикации
24 июня 2020