жоба
Қауымдық сервитут белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 19 - бабына, 69- бабына, 71-1 – бабының 2 тармағына, және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабына сәйкес Асенкритов ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
- Осы шешімнің қосымшасына сәйкес «Соколов – Сарыбай тау – кен байыту өндірістік бірлестігі» акционерлік қоғамы пайдалы қазбаларды барлау бойынша операцияларды жүргізу мақсатында Асенкритов ауылдык округінің жерінде орналасқан, жалпы аланы 1958,7 гектар жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгіленсін.
- Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте «Асенкритов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
1) осы шешімді аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешім ресми жарияланғаннан кейін Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
- Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
- Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
М.Баяқов