«Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының аппараты» ММ 2020 жылдың 23 маусымында сағат 11.00-де Әйет ауылы, Тәуелсіздік көш.,60, мекенжайы бойынша 1 қабаттағы кіші мәжіліс залында коммерциялық емес ұйымдардың, азаматтардың, ұсыныс түскен байқаушылардың шақырылуымен Жұмыс тобын құру бойынша отырыс өтетінін хабарлайды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1194 қаулысымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережесінің 14, 15, 16 тармақтарына сәйкес:
- Жұмыс тобының отырысын жергілікті деңгейде жергілікті өкілді
органның басшысы (бұдан әрі – жұмыс тобының басшысы) жүргізеді.
- Жұмыс тобының бірінші отырысында дауыс беруде жұмыс тобының басшысы «Қоғамдық кеңестер туралы»Заңы 8-бабының 2-тармағына сәйкес анықталған мемлекеттік органның өкілдері, коммерциялық емес ұйымдардан және азаматтардан жұмыс тобы мүшесіне кандидаттар қатысуға құқылы. Коммерциялық емес ұйымдардан кандидат өз кандидатурасына дауыс беруге қатыспайды. Кандидаттар отырысқа қатысуға міндетті.
- Отырысқа келмеген кандидаттар бойынша дауыс беру жүргізілмейді. Ең көп дауыс жинаған кандидаттар жұмыс тобының құрамына сайланған болып табылады. Тең дауыс санын жинаған кандидаттар бойынша жұмыс тобы басшысының дауысы шешуші болып есептеледі.