2023 жылғы 30 сәуірге  тағайындалған Қостанай облысы Бейімбет Майлин  ауданының Калинин, Майский, Набережный ауылдық округтері әкімлерінің сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі  негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары

2023 жылғы 30 сәуірге  тағайындалған Қостанай облысы Бейімбет Майлин  ауданының Калинин, Майский, Набережный ауылдық округтері әкімлерінің сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі  негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары

1. Бейімбет Майлин ауданы Калинин, Майский, Набережный ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын тағайындау.

 

Аудандық сайлау комиссиясы

2023 жылғы 22 наурыз

 (113-1-б. 2-т.)

           2. Аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жерін көрсете отырып  Калинин, Майский, Набережный сайлау округінің  шекараларыН бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

 

Аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей - 2023 жылғы 1 сәуірден кешіктірмей

(22-б.)

            3. Аумақтық сайлау комиссиясының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

 

Аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей - 2023 жылғы 1 сәуірден кешіктірмей                                                                          (13-б. 4-т.)

            4. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.   

 

Аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей - 2023 жылғы 6 сәуірден кешіктірмей

                                                                                      (17-б. 2-т.)

             5. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.           

 

Аудан әкімі

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күн мерзімде - 2023 жылғы 6 сәуірден кешіктірмей

 (23-б. 5-т.)

             6. Калинин, Майский, Набережный ауылдық округтерінің әкімдігіне кандидаттар ұсыну.

 

Белгіленген тәртіпте тіркелген саяси партиялар мен өзін-өзі ұсыну тәртібімен азаматтар.

Егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе, сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен басталады және сайлау өткізілетін күнге жиырма бес күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады.

2023 жылғы 23 наурызда басталады және 2023 жылғы 4 сәуірдегі жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады.

 (113-3-б.1-т.)

            7. Калинин, Майский, Набережный ауылдық округтерінің әкімдігіне кандидаттардың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында (бұдан әрі – сайлау туралы Конституциялық Заң), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау.

 

                                           Аудандық сайлау комиссиясы

 (4-б., 113-5 б.11-т. 2)-т.)

            8. Калинин, Майский, Набережный ауылдық округтерінің әкімдігіне кандидаттардың сенім білдірген адамдарын тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру

 

Аудандық сайлау комиссиясы

Әкімдікке кандидаттың сайлау туралы Конституциялық заңда көзделген талаптарға сәйкестігі анықталған күннен бастап

                                                                       (14-б. 8-1) т., 31-б.)

             9. Калинин, Майский, Набережный ауылдық округтерінің әкімдігіне кандидаттарға өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған, қолдап қол жинау үшін қол қою парақтарын беру.

 

Аудандық  сайлау комиссиясы

Кандидаттың Конституциялық заңда,  Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада көзделген талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін үш күндік мерзімде

(113-4-б.)

           10. Калинин, Майский, Набережный ауылдық округтерінің әкімдігіне кандидаттарды қолдап  жиналған қолдардың дұрыстығын тексеру және тиісті хаттаманы  ресімдеу.

 

Аудандық сайлау комиссиялары  паспорт қызметтерінің қызметкерлерін тарта отырып

Өзін-өзі ұсыну тәртібінде ұсынылған аудандық сайлау комиссиясына қол қою парақтары тиісті сайлау комиссияларына тапсырылғаннан кейін үш күндік мерзімде

(113-4-б. 8-т.)

            11. Арнайы тексеріс өткізу үшін Ұлттық  қауіпсіздік органдарына Калинин, Майский, Набережный ауылдық округтерінің әкімдігіне кандидаттардың құжаттарын жолдау.

 

Аудандық сайлау комиссиясы

Тіркеуге барлық құжаттар түскен сәттен бастап

(113-5-б. 4-т.)

             12. Жергілікті аткарушы органдардың шотына республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін және үстіміздегі 2023 жылдың 1 қаңтарында қолданыста болатын ең төменгі жалақының бір еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізу.

 

Әкімдікке кандидатттар, саяси партиялар (әрбір ұсынылған кандидат үшін)

Кандидат тіркелгенге дейін

 (113-5-б. 2-т.)

             13. Тұрғылықты жер бойынша мемлекеттік кіріс органдарына ұсыну мерзімі басталған айдың бірінші күніне активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды ұсыну (2023 жылғы 1 наурызға).

 

Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы)

Кандидатты тіркегенге дейін

 (113-5-б. 3-т.)

             14. Кандидат және оның жұбайы (зайыбы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру.

 

Мемлекеттік кірістер органдары

Кандидат тіркелген күннен бастап бес күн ішінде

 (113-5-б. 3-т.)

            15. Калинин, Майский, Набережный ауылдық округтерінің әкімдігіне  кандидаттарды тіркеу және оларға тиісті  куәліктер беру.

 

Аудандық  сайлау комиссиясы

Барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және сайлау күнінен жиырма күн бұрын жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады.

 2023 жылғы 23 наурызда басталады және 2023 жылғы 9 сәуірде жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады

                                                                                 (113-5-б.)

            16. Калинин, Майский, Набережный ауылдық округтерінің әкімдігіне  кандидаттарды тіркеу туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

 

Аудандық  сайлау комиссиясы

Кандидаттарды тіркегеннен кейін бесінші күннен кешіктірмей

 (113-5-б. 9-т.)

            17. Үгіт баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және оларды жарақтандыру.

 

Жергiлiктi атқарушы органдар және аудандық  сайлау комиссиясы

Үгіт басталғанға дейін                                                                            (28-б. 6-т.)

              18. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу.

 

Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады.

2023 жылғы  9 сәуірде жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де басталады және 2023 жылғы 29 сәуірдегі сағат 00.00-де аяқталады.

                                                                              (27-б. 2-т.)

              19. Калинин, Майский, Набережный ауылдық округтерінің әкімдігіне  кандидаттарға сайлаушылармен кездесу үшін  үйжайлар беру, кандидаттар мен олардың сенім білдірген адамдарына бөлінген үйжайларда сайлаушылармен кездесу кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

 

Жергiлiктi атқарушы органдар және аудандық сайлау комиссиясы 

Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде

 (28-б. 4-т.)

               20. Әрбір сайлау учаскесі бойынша  аудан әкімі қол қойған сайлаушылардың тізімдерін сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну.                                                   

 

Аудан әкімі

Дауыс беру басталғанға дейін жиырма күн бұрын 2023 жылғы 9 сәуірге дейін

 (24-б. 5-т.)

               21. Сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерімен танысу үшін сайлаушыларға ұсыну.

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс беру күніне он бес күн қалғанда

2023 жылғы 15 сәуірде сағат 09:00 бастап

(26-б. 1-т.)

              22. Сайлаушыларға дауыс беру күні, уақыты  және орны туралы хабарлау.                                                                            

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Дауыс беру өткізілетін күннен кемінде он күн бұрын 2023 жылғы 19 сәуірден кешіктірмей

                                                             (18-б. 5) т., 38-б. 2-т.)

            23. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу.                          

 

Аудандық  сайлау комиссиясы

Сайлауға кемінде үш күн қалғанда және оған кемінде бір күн қалғанда

2023 жылғы  27 сәуірден ерте емес және 28 сәуірден кешіктірмей

 (37-б. 3-т.)

             24. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау.           

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Дауыс беру басталғанға дейін бір сағат қалғанда

2023 жылғы 30 сәуірде жергілікті уақыт бойынша сағат 06.00-де                                                                         (40-б. 1-т.)

             25. Дауыс беруді өткізу.                                              

 

  Учаскелік сайлау комиссиялары

  Сайлау күні, жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-

  ден 20:00-ге дейін

                                                      (38-б. 1-т.)

              26. Дауыстарды санау және сайлау учаскесінде Калинин, Майский, Набережный ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау.                             

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де басталады

                               (18-б. 8) т., 43-б.)

 

             27. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үйжайында жалпыжұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу.                               

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін - дереу 

                     (43-б. 8-т.)

             28. Сайлау учаскелеріндегі дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды  аудандық сайлау комиссиясына ұсыну.                                               

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін  - дереу

                                                                         (113-8-б. 1-т.)

             29. Калинин, Майский, Набережный ауылдық округтері әкімдері сайлауының қорытындыларын белгілеу.

 

Аудандық сайлау комиссиясы

Сайлаудан кейін үш күн мерзімнен кешіктірмей

2023 жылғы 3 мамырдан кешіктірмей

                                                                        (113-10-б. 1-т.)

              30. Калинин, Майский, Набережный ауылдық округтері әкімдерінің сайлау қорытындылары туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

 

Аудандық  сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап төрт күннен кешіктірмей

2023 жылғы 3 мамырдан кешіктірмей

 (44-б.)

 31. Сайланған Калинин, Майский, Набережный ауылдық округтерінің әкімдерін тіркеу, тиісті куәліктер беру.

 

Аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күн мерзімде

Сайланған әкімдерден жеті күн мерзім ішінде Конституцияға және сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес әкім мәртебесімен сыйыспайтын міндеттерді доғаратыны туралы жазбаша өтініш алғаннан кейін

2023 жылғы 6 мамырдан кешіктірмей

                                            (45-б., 46-б. 3-т, 113-11-б. 1-т)

Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтеме

2023 жылғы 30 сәуірге  тағайындалған Қостанай облысы Бейімбет Майлин  ауданының Калинин, Майский, Набережный ауылдық округтері әкімлерінің сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі  негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары
Дата публикации
22 марта 2023