"Бейiмбет Майлин ауданы ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы" Қостанай облысы Бейiмбет Майлин ауданының сайлау комиссиясының қаулысы

Қостанай облысы Бейiмбет Майлин ауданының сайлау комиссиясының

ҚАУЛЫСЫ

Бейiмбет Майлин ауданы  ауылдық округтері әкімдерінің

сайлауын тағайындау туралы

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес Бейімбет Майлин ауданының сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Бейімбет Майлин ауданының Калинин, Майский және Набережный ауылдық  округтері әкімдерінің сайлауы 2023 жылғы 30 сәуірге тағайындалсын.
  2. 2023 жылғы 30 сәуірге тағайындалған Бейімбет Майлин ауданының Калинин, Майский және Набережный ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі  негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  3. Осы қаулы Бейімбет Майлин ауданының аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында және "Aiet shamshyragy"аудандық газетінде жариялансын.                                     

Аудандық сайлау

комиссиясының төрайымы                                                     О.Г. Ли

 

Аудандық сайлау

комиссиясының хатшысы                                                         Ә.Б. Бердалинова

Әйет ауылы,

2023 жылғы 22 наурыз,

№ 6/9

"Бейiмбет Майлин ауданы ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы" Қостанай облысы Бейiмбет Майлин ауданының сайлау комиссиясының қаулысы
Дата публикации
22 марта 2023