"Бейiмбет Майлин ауданы ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы бойынша сайлау округтерін құру туралы" Қостанай облысы Бейiмбет Майлин ауданының сайлау комиссиясының қаулысы

Қостанай облысы Бейiмбет Майлин ауданының сайлау комиссиясының

ҚАУЛЫСЫ

Бейiмбет Майлин ауданы

ауылдық округтері әкімдерінің  сайлауы бойынша

сайлау округтерін құру туралы

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес Бейімбет Майлин ауданының сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Бейімбет Майлин ауданы Калинин ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша Калинин ауылдық округінің шекарасында Калинин сайлау округі құрылсын.
  2. Бейімбет Майлин ауданы Майский ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша Майский ауылдық округінің шекарасында Майский сайлау округі құрылсын.
  3. Бейімбет Майлин ауданы Набережный ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша Набережный ауылдық округінің шекарасында Набережный сайлау округі құрылсын.
  4. Сайлау округтерінің шекаралары және аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері Бейімбет Майлин ауданы аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында және "Aiet shamshyragy"аудандық газетінде жариялансын.

 

Аудандық сайлау

комиссиясының төрайымы                                            О.Г.  Ли

           

Аудандық сайлау

комиссиясының хатшысы                                               Ә.Б. Бердалинова

Әйет ауылы,

2023 жылғы 22 наурыз,

№ 6/10

"Бейiмбет Майлин ауданы ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы бойынша сайлау округтерін құру туралы" Қостанай облысы Бейiмбет Майлин ауданының сайлау комиссиясының қаулысы
Дата публикации
22 марта 2023