«Бейімбет Майлин ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі өтініштерді қарауды бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі туралы ереже

«Бейімбет Майлин ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі өтініштерді қарауды бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі туралы ереже

 1. Жалпы ережелер

  1. Осы Ереже жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ аудан әкіміне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың жұмыс сапасын арттыру мақсатында «Бейімбет Майлин ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің өтініштерді қарауды бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің (бұдан әрі – Бөлім) ұйымдастырылуы мен қызметіне қойылатын бірыңғай талаптарды белгілейді.
  2. Бөлім аудан әкімдігімен құрылатын, таратылатын және қайта ұйымдастырылатын аудан әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  3. Бөлімнің құрылымын, штаттық саны ауджан әкімімен Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген тәртіпте бекітіледі.
  4. Бөлім:

1)  бөлім басшысынан;

2)  бөлімнің бас маманынан;

3)  бас маманынан құрылады.

2. Бөлімнің негізгі міндеттерііндеттері

  1. Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес
    аудан әкімі аппаратында құжат айналымының бірыңғай тәртібін қамтамасыз ету.
  2. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алуды және қара уды қамтамасыз ету.
  3. Мемлекеттік органдармен және азаматтық қоғаммен өзара
    іс-қимылды ұйымдастыру.
  4. Аудан әкімінің, оның орынбасарларының, аудан әкімі аппараты басшысының жеке және заңды тұлғаларды жеке қабылдауын ұйымдастыру және өткізу, жеке және заңды тұлғаларды жеке қабылдау барысында берілген өтініштер мен тапсырмалардың қаралуын бақылауды жүзеге асыру.
  5. Белгіленген тәртіпке сәйкес аяқталған істерді есепке алу және сақтау, оларды дайындау және мұрағатқа тапсыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру.

3. Бөлімнің құрылымы

  1. Бөлім заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерге ие.
  2. Бөлімді аудан әкімі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын бөлім басшысы басқарады.
  3. Бөлім басшысы аудан әкімі аппаратының басшысына бөлімнің құрылымы мен штаттық кестесі бойынша ұсыныстар береді.
  4. Осы мақсатта басшы:

1) бөлім қызметкерлері арасында міндеттерді бөледі, тиісті орындаушылық және еңбек тәртібін қамтамасыз етеді;

2) бөлімнің жұмысын жоспарлауды жүзеге асырады;

3) аудан әкімі аппаратының басшысына бөлім қызметкерлерін көтермелеу және оларға жаза қолдану туралы ұсыныстар енгізеді;

4) аудан әкімі аппаратының және әкімдігінің басқа құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;

5) заңдарға және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

  1. Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бөлім атынан

басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға бөлім басшысы,

ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын адам қол қояды.

4. Бөлім қызметінің негізгі функциялары мен бағыттары

  1. кіріс және шығыс қызметтік хат-хабарларды бастапқы өңдеуді,
    алдын ала қарауды, тіркеуді, құжаттарды таратуды жүзеге асырады;
  2. Басшылықтың кіріс құжаттарды уақтылы қарауын ұйымдастырады,
    аудан әкіміне қол қоюға ұсынылатын құжаттардың дұрыс ресімделуін бақылауды жүзеге асырады.
  3. Құжаттарды жедел басып шығаруды, облыс, аудан әкімдігінің материалдарын, облыс, аудан әкімі жанындағы кеңестердің хаттамалық шешімдерін көбейтуді және көшіруді жүргізеді, құжаттарды адресаттарға уақтылы шығаруға және таратуға жауапты болады.
  4. Бланк өнімдеріне, мөрлер мен мөртабандарға тапсырыс беруді және оларды есепке алуды қамтамасыз етеді;
  5. Аудан әкімінің және оның аппаратының елтаңбалы мөрлерінің сақталуын ұйымдастырады.
  6. Қазақстан Республикасының іс жүргізу саласындағы қолданыстағы заңнамасын, сондай-ақ аудан әкімі аппаратының қызметкерлеріне, Мемлекеттік мекемелердің басшыларына, ауылдық округтер, кент әкімдері аппараттарының әкімдері мен мамандарына Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін түсіндіру жөніндегі жұмысты жүзеге асырады.
  7. Шығарылымға келіп түскен әкімнің шешімдері мен өкімдерін, аудан әкімдігінің қаулыларын, аудан әкімі аппараты басшысының бұйрықтарын белгіленген нысандағы журналдарда тіркеуді жүргізу.
  8. Аудан әкімі аппаратының істер номенклатурасын әзірлейді, белгіленген тәртіпте ведомстволық мұрағатқа тапсырғанға дейін істерді жедел сақтауды және пайдалануды қамтамасыз етеді.
  9. Ведомстволық мұрағат және сараптама комиссиясы туралы ережені әзірлейді, сараптау комиссиясының жұмысын ұйымдастырады, сараптама комиссиясы отырыстарының хаттамаларын жүргізеді.
  10. Жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдарға жіберілген өтініштерінің қаралуын бақылауды жүзеге асырады.
  11. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды және
    өтініш берушілерге жауаптар жібереді.
  12. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша ағымдағы іс жүргізуді есепке алуды және жүргізуді ұйымдастырады.
  13. Аудан әкімі аппаратында, ауданның мемлекеттік мекемелерінде қаралатын жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау мерзімдеріне бақылауды жүзеге асырады.
  14. Жоғары тұрған мемлекеттік органдардан келіп түскен өтініштер бойынша аудан әкімі тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асырады.
  15. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында, қылмыстық іс жүргізу, азаматтық іс жүргізу заңнамасында қарау тәртібі белгіленген өтініштерден басқа, мәселелердің сипатын айқындауды, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін бөлуді және оларды аудан әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелеріне, басқа мемлекеттік органдарға, ведомстволық бағынысты ұйымдарға қарау және жауап беру үшін жіберуді жүзеге асырады.
  16. Келіп түскен сұраныстарды талдайды.
  17. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша заңнама талаптарының сақталуын бақылауды, аудан әкімі аппаратының,
    ауданның мемлекеттік органдарының жаңадан қабылданған қызметкерлеріне
    Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау мәселелері бойынша нұсқама беруді жүзеге асырады.
  18. Мемлекет басшысының, Президент Әкімшілігі басшылығының және Президент көмекшісі – Президент Әкімшілігінің өтініштерді қарауды бақылау жөніндегі бөлім меңгерушісінің өтініштерді қарау бөлігіндегі тапсырмаларының іске асырылу барысы туралы аудан әкімінің, аудан әкімі аппараты басшысының баяндамалары мен талдамалық жазбаларының жобаларын дайындайды.
  19. Мемлекет басшысының, Президент Әкімшілігі Басшылығының,
    Қостанай облысы әкімінің жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау шеңберінде берген тапсырмаларын іске асыру мәселелері бойынша
    Мемлекеттік органдардың жауапты құрылымдық бөлімшелерімен,
    басқа да уәкілетті мемлекеттік органдармен және облыс әкімі аппаратының өтініштердің қаралуын бақылау бөлімімен өзара іс-қимыл жасайды.
  20. «Бейімбет Майлин ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің лауазымды адамдарының жеке және заңды тұлғаларды жеке қабылдауы туралы ережеге сәйкес азаматтарды қабылдауды ұйымдастырады, азаматтардың жеке қабылдауға келуін қамтамасыз етеді.
  21. Ауданның мемлекеттік органдарымен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау және қарау жөніндегі жұмыстың мониторингін жүзеге асырады.
  22. Бөлім құзыреті шеңберінде жеке және заңды тұлғаларға консультативтік көмек көрсетеді.

5. Бөлімнің құқығы

  1. аудан әкімі аппаратының қызметкерлерінен құжаттармен жұмыс істеудің белгіленген ережелерінің орындалуын бақылау және талап ету.
  2. Аппараттың құрылымдық бөлімшелерінде іс жүргізудің,
    құжаттардың сақталуының ұйымдастырылуын, істердің дұрыс ресімделуін тексеру.
  3. Ауылдық округтер, Тобыл кенті әкімдері аппараттарында, аудан әкімдігіне қарасты мемлекеттік мекемелерде, аудан әкімі аппаратының бөлімдерінде құжаттармен жұмысты, азаматтардың өтініштерімен жұмысты ұйымдастыруды бақылау және аудан әкімі аппаратының бөлімдерінде жұмысты жақсарту бойынша ұсыныстар енгізу.
  4. Бөлімнің жұмысына қажетті мәліметтерді аудан әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерінен, қала, ауыл және ауылдық округ әкімі аппараттарынан сұратуға;
  5. Дұрыс ресімделмеген құжаттарды адресаттарға қайтару;
  6. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мәселелері бойынша
    сапасыз материалдарды пысықтауға қайтару;
  7. Аудан әкімдігі басшылығының жеке және заңды тұлғаларды жеке қабылдауға қатысуына мемлекеттік органдар мен мүдделі ұйымдардың басшыларын тарту;
  8. Мемлекеттік мекемелерде, қала, ауыл, ауылдық округ әкімі аппараттарында іс жүргізуді, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмысты, ведомстволық мұрағаттардың жұмысын ұйымдастыруға әдістемелік көмек көрсету, жұмысты жақсарту бойынша ұсыныстар енгізу;
  9. Аудан әкімі аппаратының басшысына бөлім қызметкерлерін көтермелеу және оларға жаза қолдану туралы ұсыныстар енгізу;

6. Бөлімнің жауапкершілігі

  1. Осы Ережемен Бөлімге жүктелген міндеттер мен функциялардың сапасы мен уақтылы орындалуына барлық жауапкершілікті бөлім басшысы жауапты.
  2. Басқа қызметкерлердің жауапкершілік дәрежесі лауазымдық нұсқаулықтармен белгіленеді.

7. Бөлім қызметкерлерін материалдық ынталандыру туралы

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мекеме басшысы аудан әкімінің келісімі бойынша, ал ондайлар болмаған жағдайда-мемлекеттік органның бірінші басшысы қолданыстағы сыйақы беру жүйесін және қолда бар мүмкіндіктерді ескере отырып, өтініштерді қарауды бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің қызметкерлерін қосымша материалдық ынталандыруды белгілеуге құқылы.

 

  1. Бөлімнің қызметін ұйымдастыру

Бөлім аудан әкімі аппаратының басшысына тікелей бағынады.

«Бейімбет Майлин ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі өтініштерді қарауды бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі туралы ереже
Дата публикации
19 июня 2020