Бейімбет Майлин ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімі туралы ереже

Бейімбет Майлин ауданы әкімі аппаратының

ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімі туралы ереже

  1. Жалпы ережелер
  2. Ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) аудан әкімдігімен құрылатын, таратылатын және қайта құрылатын аудан әкімі аппаратының құрылымдық бөлімі болып табылады.
  3. Бөлім өзінің қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілері мен заңдарын, сонымен қатар осы ережені басшылыққа алады.
  4. Бөлім аудан әкімі аппаратының басшысы бекіткен жоспар бойынша жұмыс істейді.
  1. Міндеттері
  1. Аудан әкімдігін және әкімін ұйымдастырушылық және ақпараттық –аналитикалық қамтамасыз ету.
  2. Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілерін, облыс және аудан әкімдіктерінің қаулыларының, облыс және аудан әкімдіктерінің шешімдері мен өкімдерінің, басқа да құжаттарының, қаулылық маңызды мәселелердің орындалуын бақылаудың іскерлік жүйесін ұйымдастыру.               
  1. Құрылымы

Бөлімнің құрылымын және штат санын аудан әкімдігі бекітеді.

Бөлімді басшы басқарады, біріншіден конкурстық комиссияның, екіншіден аппарат басшысының ұсынысы бойынша оны лауазымға аудан әкімі тағайындайды және босатады. Бөлімнің құрамына бас маман кіреді, оны біріншіден конкурстық комиссияның, екіншіден аппарат басшысының ұсынысы бойынша және басқа да Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген жағдайларда, оларды аудан әкімі лауазымға тағайындайды және босатады.

  1. Бөлім қызметінің негізгі міндеттері мен бағыттары
  1. Аудан әкімінің мемлекеттік орындаушылық үкіметтің жергілікті органдарымен ұйымдастырушылық және ақпараттық байланысын қамтамасыз ету.
  2. Ауданның экономикалық, шаруашылық және әлеуметтік- мәдени дамуына басшылық жасау бойынша аудан әкімі аппаратының қызметіне өзінің өкілеттілігінің шегінде ұйымдастырушылықты қамтамасыз ету.
  3. Қазақстан Республикасының Конституциясын және Заңдарын, Президенттің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, облыс және аудан әкімдіктерінің қаулыларын, облыс және аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерін орындауды ұйымдастыру, аудан аумағында орналасқан кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің, тұрғындардың оларды орындауларына бақылау жасауды жүзеге асыру.
  4. Аудан әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелерінде, селолық окруктердің, селолардың, кенттің аппараттарында орындаушылық тәртібінің қалпына сараптау жүргізу және аудан әкіміне баяндау.
  5. Ауданның әкімшілік-аумақтық құрылысы мәселелері бойынша материалдарды дайындау.
  6. Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Парламентінің, жергілікті өкілді органдардың сайлауын қамтамасыз етуді, республикалық референдумды өткізуді ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық жағынан сайлау комиссияларына көмек көрсету.
  7. Аудан әкімдігінің отырыстарын, кеңестерін, семинарларын және басқа шараларын өткізуді жоспарлайды, оларды дайындауды және өткізуді ұйымдастырады.
  8. Аудан әкімінің шешімдерінің жобасын және өкімдерін, әкімдіктің қаулыларын дайындау, шығару және қабылданған нормативтік актілерді атқарушыларға жеткізу мәселесі жұмысын ұйымдастырады.
  9. Аудан әкімі мен әкімдігіне бағынышты мемлекеттік басқару органдарының өзара әрекетін және үйлестіруді қамтамасыз етеді.
  10. Аудан әкімі аппаратының бөлімдеріне және әкімдігіне, селолық округтердің, селолардың, кенттің аппараттарына ұйымдастырушылық, бақылау және кадрлар жұмысы мәселесі бойынша көмек көрсету.
  11. Аудан әкімі аппаратына, аудан әкімдігі бөлімдеріне, селолық окруктердің, селолардың, кенттің аппараттарына ұйымдастырушылық, бақылау және кадрлар жұмысы туралы статистикалық есептілік жүргізуді қамтамасыз ету.
  12. Аудандық мәслихат аппаратымен қарым қатынаста болу.
  13. Бөлімге келіп түскен азаматтардың хаттары және өтініштерімен жұмыс жасау. 
  1. Құқықтары 
  1. Аудан әкімінің және әкімдігінің шешімдерінің және өкімдерінің, әкімдіктің қаулыларының орындалуын, сонымен қатар орындалуын қамтамасыз ету, жұмысын уақытында және аудандағы істердің жағдайы жөнінде толық ақпаратты қамтамасыз ету мақсатымен, бөлім аудан әкімі аппаратының қызметкерлеріне, аудан әкімдігіне бағынышты селолық округтердің, селолардың, кенттің әкімдеріне, мемлекеттік мекемелерге тапсырма беруге құқылы.
  2. Осы ережеде қарастырылған негізгі міндеттерді жүзеге асыру үшін Бөлім мемлекеттік органдардан және лауазымдық тұлғалардан қажетті ақпаратты, құжаттарды, басқа да материалдарды сұрастыруға және алуға құқылы.
  3. Қазақстан Республикасы Заңдарын, Конституциясын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілері мен тапсырмаларын аудан әкімі мен әкімдігі, облыс әкімі мен әкімдігі, селолық округтердің, селолардың, кенттің әкімдері аппараттарында және ауданның атқарушы билік органдарының орындауын, ұйымдастырушылық және кадрлық жұмыстың қалпын тексеруге; жергілікті өкілді органдардың.
  1. Жауапкершілігі

         Осы Ережемен Бөлімге жүктелген міндеттер мен қызметтердің сапалы және уақытында толық орындалуына бөлім басшысы жауапты. Бөлім қызметкерлерінің жауаптылық деңгейі лауазымдық нұсқаулықпен белгіленеді.

________________

Бейімбет Майлин ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімі туралы ереже
Дата публикации
19 июня 2020