«Бейімбет Майлин ауданы әкімінің аппараты»
мемлекеттік мекемесінің қаржы–шаруашылық бөлімі туралы
қағида
Бөлімнің құрылымы мен штаттық санын әкімдік бекітеді. Бөлімді бірінші жағдайда – конкурстық комиссия, екіншіден – аппарат басшысының ұсынысы бойынша лауазымға аудан әкімі тағайындайтын және босататын бастық басқарады.
Бөлім:
аудан әкімі аппаратының бюджет жобасын, бюджеттік бағдарламаларды, қаржыландыру жоспарын әзірлейді;
түскен ақшалай қаржыларды, тауарлы–материалдық құндылықтар мен негізгі қаражаттарды толық есепке алуды, сонымен қатар олардың қозғалысына байланысты операцияларды уақытында бухгалтерлік есепте көрсетуді қамтамасыз етеді;
еңбек ақыны, бюджетке төлемдерді, зейнетақылық жинақтауларды, әлеуметтік сақтандыру бойынша қаржыларды дұрыс және уақытында есептеу және аударуды жүзеге асырады;
аудан әкімі аппаратында мемлекеттік сатып алу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;
штаттық, қаржылық және кассалық тәртіпті қатаң сақталуын, еңбекақы қорын дұрыс жұмсауды, лауазымдық айлықақыны дұрыс анықтауды қамтамасыз етеді;
материалдық құндылықтарды түгендеуді ұйымдастыру, нәтижелерін дұрыс, уақытында анықтау және есепке алуды көрсетеді;
жергілікті бюджетті орындау бойынша түсініктеме жазбалары және қосымшаларымен бірге тоқсандық, жылдық есептілікті құрайды;
смета шығындары мен олардың есеп - қисаптарының, штаттық кестенің, басқа да қажетті қаржылық құжаттардың жобаларын құрастыру және мекеме басшысымен келіседі;
ауданның қорғаныс істері бойынша бөлімінің жанындағы әскерге шақырту участкесінің қаржыландыру жоспарын орындауға және олардың бухгалтерлік есепті дұрыс жүргізулеріне бақылау жасайды;
бухгалтерлік құжаттардың сақталуын, рәсімделуін және белгіленген тәртіпте мұрағатқа тапсырылуын қамтамасыз етеді.
Аудан әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелерінен, аудандық мемлекеттік мекемелерден бухгалтерлік есеп пен бақылау үшін қажет мәліметтерді сұрату.
Осы Қағидамен Бөлімге жүктелген барлық міндеттер мен функцияларды сапалы және уақытылы орындау үшін жауапкершілікті толығынан бөлім бастығы атқарады.
_________________