Округтік сайлау комиссияларының хабарламасы
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 16-1-бабының 6-тармақшасына, 104-бабына сәйкес аудандық сайлау комиссиялары бір мандатты сайлау округтері бойынша Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының депутаттығына кандидаттарды тіркеді:
№ 2 сайлау округі бойынша
- Галина Витальевна Тойғанова, 1991 жылы туған, Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Бейімбет Майлин ауданының аудандық ауруханасы" КМК хирург-дәрігері, Бейімбет Майлин ауданы Әйет ауылында тұрады.
Комиссия төрайымы Г. Мырзабаева
№ 5 сайлау округі бойынша
- Сәуле Жақыпбекқызы Жұмабаева, 1989 жылы туған, жеке кәсіпкер, Бейімбет Майлин ауданы Тобыл кентінде тұрады.
Комиссия төрайымы О. Ганкевич
№ 9 сайлау округі бойынша
- Павел Владимирович Абрамов, 1981 жылы туған, "Бейімбет Майлин ауданының мүгедектер қоғамы" қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Бейімбет Майлин ауданы Тобыл кентінде тұрады.
Комиссия төрайымы Ж. Ізтілеу
№ 10 сайлау округі бойынша
- Ербол Батырғалиұлы Бекқалиев, 1989 жылы туған, "Қостанай облысы бойынша шағын және орта бизнес кәсіпкерлерін қолдау одағы" жеке кәсіпкерлер және заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы, Рудный қаласында тұрады.
Комиссия төрайымы Е. Деткова
№ 11 сайлау округі бойынша
- Наталья Дмитриевна Руднева, 1962 жылы туған, Қостанай облысы кәсіпкерлер палатасының Бейімбет Майлин ауданындағы филиалының директоры, Бейімбет Майлин ауданы Әйет ауылында тұрады.
Комиссия төрағасы Б. Хасенов