Аудандық «Áıet shamshyraǵy» газетіне баспа алаңының төлемақы мөлшері, беру шарттары мен тәртібі туралы мәліметтер
«Áıet shamshyraǵy» газетінің редакциясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 28-бабы 3-тармағының талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары кандидаттарының үгіт материалдарын жариялау үшін баспа алаңының төлемақы мөлшері,беру шарттары мен тәртібі туралы хабарлайды.
Баспа алаңы барлық тіркелген кандидаттарға сайлау алдындағы үгіт материалдарының тең шарттарымен беріледі. Кандидаттардың материалдарын жариялау кезектілігі баспа алаңының күні мен көлемі және шарт жасасу көрсетіле отырып, редакцияға жазбаша өтініштердің келіп түсу тәртібімен белгіленеді. Газет алаңының 1 ш.см. үшін 145 теңге есебінен баспа алаңын беру құнын төлеу жүргізілсін.
Барлық сайлау алдындағы баспа үгіт материалдарында олардың төлемі, қаржыландыру көздері, тапсырыс берген тұлға туралы ақпарат болуы тиіс. Кандидаттар баспа материалдарының қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкестігі үшін дербес жауапты болады.
Осы хабарламада көрсетілген шарттар мен тәртіп бұзылған, сондай - ақ тиісті шарттың талаптары бұзылған жағдайда материалдарды жариялау жүргізілмейді-бұзушылықтарды жою үшін тоқтатыла тұрады.
Басқа кандидаттардың ар-намысы мен қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне нұқсан келтіретін ақпарат болған жағдайда редакция баспа материалдарын орналастырудан бас тартуға құқылы. Мазмұны «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келмейтін үгіт материалдарың мәтіндері жарияланбайды.
Газет редакциясы демалыс күндерден басқа жұмыс уақытында өтініштерді, мәтіндерді қабылдайды және шарт: Бейімбет Майлин ауданы, Әйет ауылы, Б. Майлин к-сі., 23 үй, тел. 8(71436)49091, 8(71436)36049, gazeta_tarn@mail.ru.