Азаматтық бюджет Бейімбет Майлин ауданы Калинин ауылдық округі 2023-2025 жылдарға арналған
Сіздің назарыңызға Бейімбет Майлин ауданының Калинин ауылдық округінің 2023-2025 жылдарға арналған Азаматтық бюджеті ұсынылған, онда оның қалыптасу параметрлері және бюджет қаражатын жұмсау бағыттары туралы ақпарат бар.
Округ бюджеті Бейімбет Майлин аудандық мәслихатының 2022 жылғы 28 желтоқсандағы № 155 "Бейімбет Майлин ауданының Тобыл кентінің, ауылдық округтерінің 2023-2025 жылдарға арналған бюджеттері туралы"шешімімен бекітілген
Калинин ауылдық округінің кірістері Бейімбет Майлин ауданының 2023 - 2025 жылдарға арналған
тыс. тенге
|
Атауы |
2023 |
2024 |
2025 |
|
Түсімдер-барлығы |
315 720,0 |
47 479,0 |
48 973 ,0 |
|
оның ішінде: |
|
|
|
|
салық түсімдері |
17 338 ,0 |
20 071 ,0 |
20 394,0 |
|
салықтық емес түсімдер |
0 |
0 |
0 |
|
трансферттер түсімдері |
298 382 ,0 |
27 408 ,0 |
28 579 ,0 |
|
Бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары |
|
|
|
2023-2025 жылдарға арналған Калинин ауылдық округі бюджеті кірістерінің болжамды көлемі 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодекске сәйкес есептелген.
Табыс болжамын қалыптастыру кезінде 2022 жылға нақты салық түсімі және 2023 жылға күтілетін түсім ескерілді.
2023 жылға арналған Калинин ауылдық округі бюджетінің кірістер болжамы 315 720,0 мың теңге сомасында айқындалды, оның ішінде өз көздерінен түсетін түсімдер 17 338,0 мың теңгені құрайды, оның ішінде:
салық түсімдері 17 338,0 мың теңгені құрайды. Салық түсімдерінің негізгі үлесі жеке тұлғалардан алынатын көлік құралдарына салынатын салыққа және төлем көзінен алынбайтын табыстардан алынатын жеке табыс салығына тиесілі;
салықтық емес түсімдер және негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер жоспарланбаған;
аудан бюджетінен трансферттер түсімі 298 382,0 мың теңге сомасында субвенция түрінде көзделген.