Жоба
Жиналыстар, митингілер, шерулер,
пикеттер және демонстрациялар
өткізуді қосымша реттеу туралы
қағидаларды бекіту туралы
«Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы» 2020 жылғы 25 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес, Бейімбет Майлин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Бейімбет Майлин ауданында бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін мамандандырылған орындар белгіленсін.
- Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Бейімбет Майлин ауданында бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін мамандандырылған орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толтырылу нормаларын, бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін мамандандырылған орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, сондай-ақ пикеттеуді өткізуге жол берілмейтін іргелес аумақтардың шекарасын анықталсын.
- Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы
Аудандық
мәслихатының хатшысы С. Сапабеков