Бейімбет Майлин ауданының Қоғамдық кеңесін құру жөнінде жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурс өткізу туралы хабарлама

«Қоғамдық кеңес туралы Үлгілік ережені бекіту туралы» 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1194 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Қоғамдық кеңесі туралы Үлгілік ережесінің 8-тармағына сәйкес «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы негізінде «Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының аппараты» ММ Бейімбет Майлин ауданының Қоғамдық кеңесін құру жөнінде жұмыс тобының құрамына үміткерлер бойынша құжаттар 2020 жылдың 8 маусымынан бастап 19 маусымына дейін қабылданатының хабарлайды.

Үлгілік ереженің 6-тармағына сәйкес 8 адамнан тұратын жұмыс тобының сандық құрамы анықталды, мемлекеттік орган өкілдерінің арасынан-2 адам, коммерциялық емес ұйымдар,азаматтар-6 адам.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері белгіленген мерзімде мынадай құжаттарды ұсынады:

1) осы Үлгілік ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) жұмыс тобының мүшесіне кандидатура (болған жағдайда) ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы;

3) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі.

Аталған құжаттар жазбаша түрде мына мекенжай бойынша 2020 жылдың 8 маусымынан бастап 19 маусымына дейін: «Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының аппараты» ММ Әйет а., Тәуелсіздік көшесі 60, № 3 каб., күн сайын сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін (сенбі және жексенбі күндерінен басқа), анықтама үшін телефон: 3-72-29, 4-90-31 қабылданады. Электрондық пошта  мекенжайы: tar-maslihat@mail.ru

Бейімбет Майлин ауданының Қоғамдық кеңесін құру жөнінде жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурс өткізу туралы хабарлама
Дата публикации
04 июня 2020