Байқаушылар тізімін құру бойынша іріктеу жүргізу туралы хабарлама

«Қоғамдық кеңес туралы Үлгілік ережені бекіту туралы» 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1194  Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Қоғамдық кеңесі туралы Үлгілік ережесінің 12-тармағына сәйкес, ашықтылық пен әділдік үшін жұмыс тобының отырысында коммерциялық емес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының арасынан бақылаушылар қатысуы мүмкін.

Жұмыс тобының отырысына байқаушы ретінде қатысу үшін байқаушы болуға ниет білдірген адам осы Үлгілік ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қоғамдық кеңесті құру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурсқа байқаушы ретінде қатысу үшін өтінішті «Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының аппараты»  ММ мемлекеттік органға ұсынады немесе электрондық поштаға жолдайды.

Қоғамдық кеңесті құру бойынша жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурсқа байқаушы ретінде қатысу үшін өтініш жазбаша түрде мына мекенжай бойынша 2020 жылдың 8 маусымынан бастап 19 маусымына дейін: «Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының аппараты» ММ Әйет а., Тәуелсіздік көшесі 60,  № 3 каб., күн сайын сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін (сенбі және жексенбі күндерінен басқа), анықтама үшін телефон: 3-72-29, 4-90-31 қабылданады. Электрондық пошта  мекенжайы: tar-maslihat@mail.ru

Байқаушылар тізімін құру бойынша іріктеу жүргізу туралы хабарлама
Дата публикации
04 июня 2020