Мәслихаттың «Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» 2021 жылғы 15 қазандағы №55 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Бейімбет Майлин ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
көрсетілген шешімнің қосымшасының 1-тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:
«1. Осы мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 «Әлеуметтік - еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22394 болып тіркелген) «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына (бұдан әрі - шығындарды өтеу қағидалары) сәйкес әзірленді.
көрсетілген шешімнің қосымшасының 4-тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:
«4.Оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу өтініш берген айдан бастап дәрігерлік - консультацияның қорытындысында белгіленген мерзім аяқталғанға дейін жүргізіледі.».