«Мәслихаттың 2020 жылғы 10 тамыздағы № 403 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы»  аудандық мәслихат шешімнің жобасы

жоба

Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының «Мәслихаттың 2020 жылғы 10 тамыздағы № 403 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы»  шешімі

Бейімбет Майлин аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Мәслихаттың «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2020 жылғы 10 тамыздағы № 403     (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9382 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

14 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

«14. Өмірде қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе ауыл, ауылдық округ әкіміне мынадай құжаттармен қоса өтініш береді:

1) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);

2) адамның (отбасы мүшелерінің) табысы туралы мәліметтер осы Қағидалардың 6-тармағы 4) тармақшасының екінші абзацында, 7-тармағының 5), 6) тармақшаларында көрсетілген;

3) өмірде қиын жағдайдың туындағанын растайтын акт және/немесе құжат.

7-тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген тұлғалар дәрігер куәландырған ағымдағы жылға рецепті бланкілерінің көшірмелерін және кассалық түбіртектерді ұсынады.

Адамның (отбасы мүшелерінің) табысына қарамастан тағайындалатын әлеуметтік көмекті алу үшін адамның (отбасы мүшелерінің) табысы туралы мәліметтер ұсынылмайды.».

  1. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«Мәслихаттың 2020 жылғы 10 тамыздағы № 403 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы»  аудандық мәслихат шешімнің жобасы
Дата публикации
04 января 2023