"Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларын құру туралы" Бейімбет Майлин ауданының аумақтық сайлау комиссиясының қаулысы

Бейімбет Майлин ауданының аумақтық сайлау комиссиясының қаулысы

Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларын құру туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 14-бабының 12) тармақшасына, 10-бабының 3-тармағына және «Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша бір мандатты аумақтық сайлау округтерін құру, шекараларын айқындау туралы» Бейімбет Майлин ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 35 қаулысына сәйкес Бейімбет Майлин ауданының  аумақтық сайлау комиссиясы қаулы етеді:

  1. Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша тиісті бір мандатты аумақтық сайлау округтерінде 11 округтік сайлау комиссиясы құрылсын.
  2. Осы қаулы Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша бір мандатты аумақтық сайлау округтерінің округтік сайлау комиссияларының құрамдарын қалыптастыру үшін Бейімбет Майлин ауданының мәслихатына жіберілсін.
  3. Осы қаулы Бейімбет Майлин ауданы аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.
  4. Осы қаулы 2023 жылғы 1қаңтардан бастап күшіне енеді.

Аудандық  сайлау

комиссиясының төрайымы                                                         О. Ли

 

Аудандық сайлау

комиссиясының хатшысы                                                          О. Кабанова

 

Әйет ауылы,

2022 жылғы «29»  желтоқсан,

№ 36

"Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларын құру туралы" Бейімбет Майлин ауданының аумақтық сайлау комиссиясының қаулысы
Дата публикации
29 декабря 2022