"Бейiмбет Майлин ауданы Павлов ауылдық округі әкімінің сайлауын 2020 жылғы 7 шiлдеге тағайындау туралы" қаулы Бейiмбет Майлин аудандық сайлау комиссиясы

ҚАУЛЫ

Бейiмбет Майлин аудандық сайлау комиссиясы

Бейiмбет Майлин ауданы Павлов ауылдық округі әкімінің сайлауын

2020  жылғы 7 шiлдеге тағайындау туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ Заңы 36-1 бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, 10-тармағына Бейiмбет Майлин ауданы Павлов ауылдық округінің әкімінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуына орай Бейiмбет Майлин аудандық сайлау комиссиясы қаулы етеді:

  1. Бейiмбет Майлин ауданы Павлов ауылдық округі әкімінің сайлауы 2020 жылғы 7 шiлдеге тағайындалсын.
  2. Мерзімдері белгіленсін:

1) әкімдікке кандидаттар ұсыну 2020 жылғы 7 маусымнан бастап 11  маусым аралығы;

2) әкімдікке кандидаттар тіркеу 2020 жылғы 7 маусымнан бастап 21  маусым аралығы.

  1. Бейiмбет Майлин ауданы Павлов ауылдық округі әкімінің сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  2. Сайлау іс-шаралары «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүргізілсін.
  3. Осы қаулы Бейiмбет Майлин ауданының әкіміне, Бейiмбет Майлин аудандық мәслихатының хатшысына жолдансын.
  4. Осы қаулы «Aiet shamshyragy» аудандық газетінде жариялансын.

Комиссия төрайымы                                  О. Ли

Комиссия хатшысы                                    О. Кабанова

Әйет ауылы,

26 мамыр 2020 жыл,                     

№ 4/1

"Бейiмбет Майлин ауданы Павлов ауылдық округі әкімінің сайлауын 2020 жылғы 7 шiлдеге тағайындау туралы" қаулы Бейiмбет Майлин аудандық сайлау комиссиясы
Дата публикации
03 июня 2020