Бейімбет Майлин ауданының 2022-2024 жылдарға азаматтық бюджет (нақтыланған)
2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджеттің жобасын әзірлеуге Елбасымыздың Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауы, Бюджеттік кодекс нормалары, Бейімбет Майлин ауданы аумағын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған Жоспары негіз болды. Бұдан басқа, аудан бюджеті Қостанай облыстық мәслихатының «Қостанай облысының облыстық бюджеті мен аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттері арасындағы 2020-2022 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттер мөлшері туралы» 2019 жылғы 18 желтоқсандағы № 455 шешіміне және «Қостанай облысының 2022-2024 жылдарға арнлған облыстық бюджеті туралы» 2021 жылғы 15 желтоқсандағы №139 шешіміне сәйкес әзірленген.
Бейімбет Майлин ауданының 2022 – 2024 жылдарға арналған бюджеті Бейімбет Майлин аудандық мәслихатының 2021 жылғы 24 желтоқсандағы № 67 шешімімен бекітілді.
Бейімбет Майлин ауданының 2025 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері
теңге
|
Көрсеткіштердің атауы |
Факт 2020 жыл |
Факт 2021 жыл |
Болжам |
||||
|
2022 жыл |
2023 жыл |
2024 жыл |
2025 жыл |
2026 жыл |
|||
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
|
Айлық есептік көрсеткіш (АЕК), теңге |
2 778,0 |
2 917,0 |
3 180,0 |
3 339,0 |
3 489,0 |
3 611,0 |
3 737,0 |
|
Еңбекақының ең төменгі мөлшері, теңге |
42 500,0 |
42 500,0 |
60 000,0 |
60 000,0 |
60 000,0 |
60 000,0 |
60 000,0 |
|
Ең төменгі зейнетақы мөлшері, теңге |
40 441,0 |
43 272,0 |
48 032,0 |
51 395,0 |
54 736,0 |
57 747,0 |
60 924,0 |
|
Бір қызметкерге орташа айлық жалақы, , теңге |
202 570,0 |
231 433,0 |
243 005,0 |
255 155,0 |
267 913,0 |
281 309,0 |
295 374,0 |