Бейімбет Майлин ауданының 2022-2024 жылдарға арналған нақтыланған Азаматтық бюджетіне түсіндірме жазба

Бейімбет Майлин ауданының 2022-2024 жылдарға арналған нақтыланған Азаматтық бюджетіне түсіндірме жазба

Бейімбет Майлин аудандық мәслихатының 2021 жылғы 24 желтоқсандағы № 672 «Бейімбет Майлин ауданының 2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» шешімі аудандық мәслихат сессиясында бекітілді. Аудандық бюджетті нақтылау 2022 жылғы желтоқсанға жоспарланып отыр.

Аудан бюджетіне түсімдер 5 709 259,9   мың теңгені құрады, оның ішінде:

Салықтық түсімдер – 2 893 569,0 мың теңге;

Салықтық емес түсiмдер – 34 520,0 мың теңге;

Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 24 888,0 мың теңге;

Трансферттердің түсімдері – 2 564 089,9 мың теңге;

Бюджеттiк кредиттердi өтеу – 58 031,0 мың теңге;

Қарыздардың түсімдері – 134 162,0 мың теңге.

Шығыстардың функционалдық топтары бойынша келесі өзгерістер жоспарланып отыр:

- Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер. Әйет ауылдық округі мен Май ауылдық округі ғимаратының кіру тобына ағымдағы жөндеу жүргізу үшін 2 891,0 мың теңге сомасында шығыстарды ұлғайту жоспарлануда.

Бейімбет Майлин ауданының 2022-2024 жылдарға арналған нақтыланған Азаматтық бюджетіне түсіндірме жазба
Дата публикации
09 декабря 2022