Бейімбет Майлин ауданы әкімі аппаратының кадр жұмысы бөлімі туралы ереже

Бейімбет Майлин ауданы әкімі аппаратының

кадр жұмысы бөлімі туралы

ереже 

  1. Жалпы ережелер
  1. Кадрлар жұмысы бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) аудан әкімдігімен құрылатын, таратылатын және қайта құрылатын аудан әкімі аппаратының құрылымдық бөлімі болып табылады.
  2. Бөлім өзінің қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңын (бұдан әрі – Заң), мемлекеттік саладағы Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерін, сонымен қатар осы ережені басшылыққа алады.
  3. Бөлім аудан әкімі аппаратының басшысы бекіткен жоспар бойынша жұмыс істейді.
  1. Бөлімнің негізгі міндеттері
  1. Аудан әкімінің аппаратында, аудан әкімдігінің бөлімдерінде, аудан ауылдық округтер, ауылдар, кент әкімдерінің аппараттарында персоналды басқарудың тұтас жүйесі шеңберінде мемлекеттік қызметті өткеруді қамтамасыз ету.
  2. Ауданның мемлекеттік мекемелерінде ұжымдық мәдениетті қалыптастыру және қолайлы әлеуметтік-психологиялық еңбек климатын дамыту.
  3. Бөлім Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамамен айқындалатын персоналды басқару бойынша өзге де міндеттерді іске асырады.        
  1. Бөлім құрылымы

Бөлімнің құрылымын және штат санын аудан әкімдігі бекітеді.

Бөлімді басшы басқарады, біріншіден конкурстық комиссияның, екіншіден аппарат басшысының ұсынысы бойынша басқа да Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген жағдайларда,  оны лауазымға аудан әкімі тағайындайды және босатады. Бөлімнің құрамына бас маман кіреді, оны біріншіден конкурстық комиссияның, екіншіден аппарат басшысының ұсынысы бойынша және басқа да Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген жағдайларда, оны аудан әкімі лауазымға тағайындайды және босатады.          

  1. Бөлім қызметінің негізгі міндеттері мен бағыттары
  1. Ауданның мемлекеттік мекемелеріндегі персоналды басқару стратегиясын әзірлеу және іске асыру.
  2. Ауданның мемлекеттік мекемелерінің кадр, оның ішінде мамандық және біліктілік бойынша қажеттілігін талдау және жоспарлау.
  3. Ауданның мемлекеттік мекемелеріндегі кадр құрамын қалыптастыру, конкурстық іріктеуді ұйымдастыру.
  4. Ауданның мемлекеттік мекемелеріндегі кадр мониторингі және кадрлық іс жүргізуді, оның ішінде «е-қызмет» персоналды басқарудың ақпараттық жүйесі арқылы жүргізу.
  5. Ауданның мемлекеттік мекемелеріндегі кәсіби бейімделу мен тәлімгерлікті ұйымдастыру.
  6. Ауданның мемлекеттік мекемелеріндегі кәсіби кадр дамуын, оның ішінде қайта даярлау, біліктілігін арттыру, тағылымдамалардан өтуін ұйымдастыру арқылы қамтамасыз ету.
  7. Конкурстық, аттестаттау, тәртіптік және кадр мәселелері жөніндегі өзге де комиссиялардың қызметін ұйымдастыру және қамтамасыз ету.
  8. Мемлекеттік қызметке кіру, өткеру және тоқтату рәсімдерін сақтауды қамтамасыз ету.
  9. Ауданның мемлекеттік мекемелеріндегі мемлекеттік қызметшілердің қызметіне бағлау жүргізуді ұйымдастыру, олардың аттестаттау рәсімдерінің сақталуын қамтамасыз етеді.
  10. Ауданның мемлекеттік мекемелеріндегі еңбек заңнамасы мен мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың орындалуын қамтамасыз ету, еңбек режимі мен жағдайларының сақталуын, сондай-ақ мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулердің сақталуын қамтамасыз ету.
  11. Мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік және құқықтық қорғалуын қамтамасыз ету, ауданның мемлекеттік мекемелеріндегі басшыларына оларды көтермелеу және ынталандыру бойынша ұсыныстарды енгізу.
  12. Бөлімге оның қызметіне тән емес қосымша міндеттер мен функциялар жүктелмейді. 
  1. Құқықтары 
  1. Бөлімге Заңмен және осы Үлгілік ережемен жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау үшін қажетті мәліметтер мен құжаттарды аудан әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерінен сұратады және алады.
  2. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен және оның аумақтық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасайды.
  1. Жауапкершілігі

Осы Ережемен Бөлімге жүктелген міндеттер мен қызметтердің сапалы және уақытында толық орындалуына бөлім басшысы жауапты. Бөлім қызметкерлерінің жауаптылық деңгейі лауазымдық нұсқаулықпен белгіленеді.

  1. Бөлім қызметін ұйымдастыру 

Бөлім аудан әкімі аппаратының басшысына тікелей бағынады.

________________

Бейімбет Майлин ауданы әкімі аппаратының кадр жұмысы бөлімі туралы ереже
Дата публикации
27 мая 2020