«Бейімбет Майлин
ауданы әкімінің аппараты»
мемлекеттік мекемесінің заң бөлімі туралы
қағида
Бөлімнің құрылымы мен штаттық санын әкімдік бекітеді. Бөлімді бірінші жағдайда – конкурстық комиссия, екіншіде – аппарат басшысының ұсынысы бойынша лауазымға аудан әкімі тағайындайтын және босататын бастық басқарады. Бөлім құрамына бірінші жағдайда – конкурстық комиссия, екіншіде – аппарат басшысының ұсынысы бойынша лауазымға аудан әкімі тағайындайтын және босататын бас маман кіреді.
Бөлім:
сотта, сондай-ақ басқа да ұйымдарда әкімдік пен аудан әкімі қызметінің құқықтық мәселелері қарастырылғанда, белгіленген тәртіпте әкімдіктің, аудан әкімінің және «Бейімбет Майлин ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мүдделерін қорғайды;
«Бейімбет Майлин ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде тұрақты түрде Қазақстан Республикасы Үкіметі анықтайтын тәртіпте әкімдік пен аудан әкімінің нормативтік құқытық актілерінің мониторингін жүргізіп тұрады;
әкімдік пен аудан әкімінің нормативтік құқытық актілерінің жобаларын әзірлеуге, соның ішінде, аудан әкімі аппаратының басқа да құрылымдық бөлімшелері және ауданнның мемлекеттік мекемелері әзірлеген жағдайда келісу жолымен қатысады;
әкімдік пен аудан әкімінің нормативтік құқытық актілерін әділет органдарында тіркеуді және олардың ресми жариялануын қамтамасыз етеді;
нормативтік құқықтық актілердің жобасын дайындайды және аудан әкімі мен аудан әкімі аппараты басшысының тапсырмасы бойынша құқықтық мәселелер жөніндегі әкімдіктің, әкімнің құжаттарын әзірлейді;
жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органдардың жұмысын үйлестіреді, тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсету мониторингін қамтамасыз етеді;
Қазақстан Республикасы заңнамаларын насихаттау, аудан әкімі аппаратында, кент, село, селолық округтар әкімдерінің аппаратттарында, ауданның мемлекеттік мекемелерінде құқытық жалпы білім беруді ұйымдастыру бойынша жыл сайынғы іс шараларды әзірлейді және өткізеді;
«Бейімбет Майлин ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне келіп түскен Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жүйелі есепке алу және сақтауды ұйымдастыралы;
заң шығару актілерінде қарастырылған жағдайларда, әкімдік, аудан әкімі атынан құқықтық мәселелер бойынша өз құзіреті шегінде түсінік береді;
мемлекеттік басқарудың әкімшілік реформасын жетілдіру, мемлекеттік органдар көрсететін қызмет сапасын арттыру саласындағы Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жарлықтарын, қаулыларын және басқа да заң шығару актілерінің орындалу мониторингін жүзеге асырады;
мемлекеттік басқарудың әкімшілік реформасын жетілдіру, мемлекеттік органдар көрсететін қызмет сапасын арттыру саласындағы жоспар, іс шаралар және нормативтік құқықтық актілерді орындау бойынша жұмысты ұйымдастырады;
Бөлім құзіреті мәселелері бойынша аудан әкімінің құқық қорғау органдары және фиксалды органдармен қарым-қатынасын ұйымдастырады;
алқабилерге кандидаттардың тізімін құрастыру бойынша жергілікті органдардың жұмыстарын «Алқабилер туралы» ҚР Заңына сәйкес ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
қылмыс, нашақорлық және есірткі бизнесі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің алдын алу республикалық және өңірлік бағдарламаларын, адам саудасының, заңсыз көші-қонының, саяси, діни терроризм мен экстремизмнің алдын алу бойынша жоспарларын әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысады;
қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша, жергілікті, құқық қорғау органдары және басқа да мемлекеттік органдардың жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша өңірлік бағдарламаларды бақылау және талдауды жүргізеді;
аудан әкімі жанындағы қылмыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша кеңестік–мәжілістік органдар мен әкімдіктің отырыстарын дайындайды;
әкімдік және аудан әкімінің шығармашылық нормасының қызметін саралайды, саралау қорытындысы бойынша аудан әкіміне оны жетілдіру және анықталған кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстар енгізеді.
Аудан әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелерінен, ауданның село, кент, селолық округтары әкімдерінің аппараттарынан, аудандық мемлекеттік мекемелерден осы Қағиданың 8 тармағына сәйкес өз міндеттерін орындауға қажет құжаттар мен мәліметтерді сұрату;
әкімдік пен аудан әкімінің құқықтық мәселелер жөніндегі нормативтік құқықтық актілерін және «Бейімбет Майлин ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі құжаттарының жобасын әзірлеуге, сонымен қатар аудан әкімі аппараты мен аудандық мемлекеттік мекемелерде Қазақстан Республикасының заңнамаларын және құқықтық жалпы білім беруді насихаттау бойынша іс шараларды жүзеге асыруға аудан әкімі аппараты басшысының келісімімен басқа құрылымдық бөлімшелердің қызметшілерін тарту.
Басқа құрылымдық бөлімшелер әзірлеген нормативтік құқықтық актілер жобалары заң бөлімінің келісімінсіз мемлекетік органдарға келісуге жіберіле алмайды.
6. Жауапкершілігі
Осы Қағидамен Бөлімге жүктелген барлық міндеттер мен функцияларды сапалы және уақытылы орындау үшін жауапкершілікті толығынан бөлім бастығы атқарады. Басқа қызметшілердің жауапкершілік дәрежесі лауазымдық нұсқаулықтармен анықталады.
_________________