Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
2022 жылғы 22 қыркүйектегі №65/538 қаулысымен бекітілген
2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары
|
1. Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттарды ұсыну. |
|
|
|
2. Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың Қазақстан Республикасы Конституциясының 33-бабы 2, 3-тармақтарында, 41-бабы 2-тармағында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау. |
|
|
|
3. Бұқаралық ақпарат құралдарында аумақтық сайлау комиссияларының құрамдарын жариялау. |
|
|
|
4. Бұқаралық ақпарат құралдарында сайлау учаскелерінің шекараларын, учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарын жариялау. |
|
|
|
5. Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеу. |
|
|
|
6. Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттардың сенім білдірген адамдарын тіркеу және әрқайсысына тиісті куәлік беру. |
|
|
|
7. Қол қою парақтарын беру. |
|
|
|
8. Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидатты қолдап қойылған қолдардың растығын паспорт қызметінің қызметкерлерін қатыстыра отырып тексеру және Орталық сайлау комиссиясына жіберілетін тиісті хаттаманы ресімдеу. |
|
|
|
9. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына 2022 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша активтері мен міндеттемелері туралы декларация тапсыру. |
|
|
|
10. Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттарды тіркеу. |
|
|
|
11. Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау. |
|
|
|
12. Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттардың сайлау қорларының арнаулы уақытша шоттарын ашу. |
|
|
|
13. Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы) жариялаған активтері мен міндеттемелері туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру. |
|
|
|
14. Тиісті бұқаралық ақпарат құралдарының тіркелген Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттарға эфирден және баспасөз бетінен орын беру төлемінің мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы мәліметтерді хабарлауы және жариялауы әрі оларды Орталық сайлау комиссиясына беруі. |
|
|
|
15. Барлық кандидаттарға үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу және оларды стендтермен, тақталармен, тұғырлықтармен жарақтандыру. |
|
|
|
16. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу. |
|
|
|
17. Бөлінген үй-жайда кандидаттардың сайлаушылармен кездесулерінің кестесін жасау және оны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау. Кандидаттарға сайлаушылармен кездесулері үшін үй-жайлар беру. |
|
|
|
18. Әрбір сайлау учаскесі бойынша тиісті әкім қол қойған сайлаушылар тізімдерін акт бойынша тиісті сайлау комиссиясына ұсыну. Тиісті әкімдер. Дауыс беретін күнге жиырма күн қалғанда – 2022 жылғы 30 қазаңда (24-б., 5-т.)
|
|
19. Сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну. |
|
|
|
20. Жекелеген сайлау учаскелерінде, қажет болған жағдайда, дауыс беруді бастау мен аяқтаудың өзге уақытын белгілеу және ол туралы шешімді сайлаушыларға жеткізу. |
|
|
|
21. Дауыс беру уақыты мен орны туралы сайлаушыларды хабардар ету. Учаскелік сайлау комиссиялары. Дауыс беру өткізілетін күнге дейін он күннен кешіктірмей – 2022 жылғы 9 қарашадан кешіктірмей. (38-б. 2-т.) 22. Сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу. |
|
|
|
23. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттаманы жасау. |
|
|
|
24. Дауыс беруді өткізу. |
|
|
|
25. Дауыстарды санау және дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманы жасау. |
|
|
|
26. Хаттаманың көшірмесін жалпыжұрттың танысуы үшін сайлау учаскесінің үй-жайындағы арнайы белгіленген орынға ілу. |
|
|
|
27. Сайлау учаскесінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманы тиісті аудандық, қалалық, қаладағы аудандық сайлау комиссияларына тапсыру.
|
|
|
|
28. Аудандық, қалалық, қаладағы аудандық сайлау комиссияларының дауыстарды санау нәтижелері туралы хаттамаларды облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және Республика астанасының сайлау комиссияларына тапсыруы. |
|
|
|
29. Облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және Республика астанасының сайлау комиссияларының дауыстарды санау нәтижелері туралы хаттамаларды Орталық сайлау комиссиясына тапсыруы. |
|
|
|
30. Қазақстан Республикасы Президенті сайлауының қорытындыларын анықтау. |
|
|
|
31. Сайланған Қазақстан Республикасының Президентін тіркеу. |
|
|
|
32. Қазақстан Республикасының Президентін сайлау қорытындылары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау. |
|
|
|
33. Кандидаттардың сайлау қорларына түскен ақшаның жалпы сомасы және оның көздері туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау. |
Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер берілді.