Құрметті Бейімбет Майлин ауданының тұрғындары!

Құрметті Бейімбет Майлин ауданының тұрғындары!

«Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы № 826 Жарлығының 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес 2022 жылғы 13 қыркүйектен бастап 29 қыркүйек аралығында бекітілген икемді жылдық кездесулер (кесте қоса беріледі) күнтізбесіне сәйкес Бейімбет Майлин ауданының әкімі Қ.Б. Мыржақыповтың халықпен есептік кездесулері өтеді.

Есеп беру кездесулері күндізгі форматта (барлық қажетті санитарлық нормаларды ескере отырып), сондай-ақ ZOOM, Instagram әлеуметтік желісі платформасында тікелей трансляциямен бейнеконференц байланыс арқылы өтетін болады. Халықтың ұсыныстарын, ескертулері мен пікірлерін жолдау үшін taran.kostanay.gov.kz – аудан әкімінің ресми интернет-ресурсы, www.instagram.com/k.murzhakupov – аудан әкімінің ресми Instagram-аккаунтына,  +77774435564 Whasapp нөмірі немесе  3-71-00 нөмірі бойынша жүгінуге болады.

 

Құрметті Бейімбет Майлин ауданының тұрғындары!
Дата публикации
22 августа 2022