Инватакси қызметін алушылардың санатының кеңейту туралы

ЖОБА

 Инватакси қызметін алушылардың санатының кеңейту туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 1 қарашадағы №859 «Автомобиль көлігімен мүгедектерді тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген автомобиль көлігімен мүгедектерді тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету қағидасының  31- тармағына сәйкес Бейімбет Майлин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 

1.Бейімбет Майлин ауданы аумағында инватакси қызметін алушылардың санаттары келесі тұлғалар санаттарымен кеңейтілсін:

1) бірінші  топ мүгедектігі бар тұлғалар;

2) жүріп-тұруы қиын мүгедектігі бар балалар;

3) аутистік спектрдің бұзылған мүгедектігі бар балалар.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасары на жүктелсін.
  2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 Инватакси қызметін алушылардың санатының кеңейту туралы
Дата публикации
29 июля 2022