Құрметті Бейімбет Майлин ауданының тұрғындары!
«Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы № 826 Жарлығына сәйкес 2022 жылғы 16 тамыздан бастап 26 тамыз аралығында бекітілген икемді жылдық кездесулер күнтізбесіне сәйкес (ІІІ тоқсанның кестесі қоса беріледі) Бейімбет Майлин ауданының ауылдық округтері, Тобыл кенті әкімдерінің халықпен кездесулері өтеді.
Ұсыныстар, ескертулер мен пікірлерді жіберу үшін ауылдық округ әкімдерінің ресми Instagram аккаунтына немесе телефон нөміріне қоңырау шалуға болады:
Асенкритов әкімінің аппараты - 28941;
Белинский әкімінің аппараты - 35201;
Калинин әкімінің аппараты - 28596;
Май әкімінің аппараты - 27327;
Набережный әкімінің аппараты -29419;
Новоильинов әкімінің аппараты -25234;
Павлов әкімінің аппараты - 39880;
Әйет ауылдық округі әкімінің аппараты-36806;
Тобыл кенті әкімінің аппараты -21360.